Кіріспе

Қазіргі таңда халықаралық экономиканы зерттеу, оның тұжырымдамаларын анықтап білу өзекті мәселеге айналуда, себебі дүниежүзілік өндіргіш күштер ауқымы күрделенуде, интернационализация процесі тереңдеуде, елдердің ұлттық экономикасы бір-біріне тығыз байланысты болып қалыптасуда және бір-біріне тәуелді сипатқа иеленуде, еңбек бөлінісі тереңдеуде. Экономикалық, экологиялық, қаржылық дағдарыс бір елде басталып шеңберін кеңейтіп ғаламдық мәселеге айналуда. Сондықтан, аталған қолайсыз жағдайларды ескеру қажеті туындап отыр, ал бұл мәселелерді шешу үшін елдердің тығыз хадықаралық қатынасқа түсуі сөзсіз екені белгілі қағида.

Ұсынылып отырған оқулықта авторлар қалыптасқан экономиканың теориялық негіздерін ұсынуда.

Оқулықтың жүйелігі қарастырылатын тақырыптар әр түрлі халықаралық экономиканың мәселелерін қамтығанын және мәні мен маңызы күрделі халықаралық қатынастарды, яғни дәлірек айтқанда дүниежүзілік сауданың классикалық теориялары, жұмыс күшінің көші-қоны, капиталдың халықаралық қозғалысы, халықаралық экономикалық интеграция, халықаралық валюта-қаржы жүйесі, төлем балансы тағы басқа да сипаттамаларды қарастырып үйлестіруді талап етеді.

Қазіргі әлемде қандай да бір бай мемлекет барлық тауар түрін өндіру немесе барлық өндіріс факторларын жетілдіруі мүмкін емес.

Халықаралық экономика аталған мақсаттарды мемелекеттер мүдделері негізінде жүзеге асыру механизмі болып табылады.

Халықаралық экономиканың құрылымы және қалыптасуы.

Халықаралық экономика – халықаралық тауар айырбасы, өндіріс факторларының қозғалысы, қаржыландырылуы, халықаралық экономикалық саясаттарының және шаруашылық субъектілерінің өзара байланысын зерттейтін нарықтық экономика теориясының бір бөлімі.

Халықаралық экономиканың құрылымы төмендегідей формалардан тұрады:

¾ Ұлттық микродеңгейде – сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу (тарифтік, тарифтік емес әдістер), өндіріс факторлар қозғалысын мемлекеттік реттеу (капиталдың, жұмыс күшінің, технологияның экспорты-импорты);

¾ Ұлттық макродеңгейде – мемлекеттік валюталық, қаржылық реттеу және ашық экономиканы мемлекеттік макроэкономикалық бағдарламалау.

¾ Мемлекеттердің экономикалық саясаты және экономиканы жалпы мемлекеттік реттеу механизмі

¾ Халықаралық сауда (тауар және қызметтер)

¾ Халықаралық сауданың қаржылық құралдары (валюта, құнды қағаздар, несиелер, дериваттар), халықаралық есеп айырысу

¾ Халықаралық экономикалық, қаржылық ұйымдар арқылы халықаралық экономиканы реттеу және бақылау

Қызмет жағынан халықаралық экономика халықаралық микроэкономикаға және халықаралық макроэкономикаға бөлінеді.

Халықаралық экономиканың құрылымын 1 кестеден көруге болады Тізілген құрылымдағы нормалардың халықаралық экономикаға әсер ететін мәні мен ықпалы, әрбір тарихи кезеңде әртүрлі.

ХХ ғасырдың аяғына дейін халықаралық экономиканың басты формасы болып келді, ал қазіргі заманда жетекші рольді әртүрлі халықаралық қаржылық операциялар атқаруда.

Халықаралық экономика қалыптасуда әртүрлі тарихи кезеңдерден өтті. 20-30 жылдардағы терең экономикалық дағдарыс, 2-ші дүниежүзілік соғыс дүниежүзілік шаруашылықтың балансын ыдыратып, сонымен бірге экономиканың өсуіне, қатаюына, жетілуіне алғы шарттарды жасауға мүмкіндік туғызды.

ХХ ғасырдың ортасында дүниежүзілік шаруашылықтың тұрақты дамуы ұлттық экономикалардың бір-біріне байланысты және тәуелді екенін айқындады, сондықтан халықаралық экономиканың туындауы сөзсіз қажеттілікке айналды.

Сонымен, ХХ ғасырдың екінші жартысында нарықтық экономика халықаралық сипатқа ие болды, яғни халықаралық экономиканың негізгі белгілері қалыптасты:

1. Халықаралық сауда негізінде халықаралық тауар айырбасының жоғарғы дәрежеде дамуы

2. Халықаралық өндіріс қозғалысы сферасындағы, әсіресе капиталдың шығыс-кіріс формасы, жұмысшы күші және технологияның жоғарғы дәрежеде дамуы

3. Кәсіпорындардың халықаралық өндірістік формалары бірнеше мемлекеттерде орналасуы, бірнеше кезекте, трансұлттық корпорация шеңберінде дамуы

4. Халықаралық тауар, өндірістік фактор қозғалыстарына тәуелсіз өзін-өзі өтейтін қаржылық сфераның пайда болуы

5. Экономиканың тұрақты даму және балансты қамтамасыз ету мақсатында ұлтаралық, ұлтаралық үстінде, мемлекеттік, мемлекеттік емес механизм жүйелерін халықаралық реттеуге қол жеткізді.

6. Ашық экономика қағидалары негізінде мемлекеттердің экономикалық саясаты жүзеге асты.

Сонымен, кең тұрғыдан халықаралық экономиканың халықаралық айналыстағы тауар мен өндіріс фактрына сұраныс пен ұсыныстың құрылу заңдылықтары және осыдан шығатын мемлекеттердің экономикалық саясаты жатады.

Аталған мән-мағынасы шеңберінде жоғарыда тізілген әлемдік нарық дүниежүзілік шаруашылық алғашқы (1-3) белгілермен сипатталса, халықаралық экономика (1-6) қосындысы белгілермен сипатталады, яғни халықаралық экономика (international economics) – нарықтық экономика теориясының бір бөлімі болып табылады.

5.Өз-өзін бақылау сұрақтары:

· Халықаралық экономика дегеніміз не?

· Халықаралық еңбек бөлінісі

· Халықаралық экономиканың құрылымы

· Өндіріс факторы дегеніміз не?

· Халықаралық экономиканың белгілерін атаңыз

1. Ұсынылатын әдебиеттер

· *Киреев А. Международная экономика, М.: МО, 1,2 бөлім., 2000

· *Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения, Учебник. М.: Юрист, 1999

 

1. Лекция тақырыбының атауы: Халықаралық сауданың классикалық теориялары

2. Лекция мақсаты:халықаралық сауданың теорияларына тоқтала отырып, олардың мәнін ұғыну және тәжрибе жүзінде сәйкес келуін анықтау

3. Лекция сұрақтары:

· Халықаралық сауданың классикалық теориялары

· Мерканталистік теориялар А.Смиттің абсолюттік артықшылық теориясы. Оның шектеулілігі.

· Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы, альтернативтік құн

4. Лекция мазмұны:

Елдер мен халықтар арасында сауданың пайда болуы мен дамуы, оның ролінің артуының себептерін теориялық жағынан түсіндіру және оның дәлелденуі халықаралық сауданың пайда болуынан кейін әлдеқайда кеш қалыптаса бастады. Бұған ішкі феодалдық қатынастардың мысалы, Еуропада елдер арасындағы сауда қатынастарының тұрақтануы әсер етті. Әуелі бастан халықаралық саудаға деген екі көзқарас қалыптасты. Біріншісі, еркін дамуы, оған деген ешқандайда шектеудің болмауы, («фритредерство саясаты» деп аталды), ал екіншісі, протекционизм деп аталатын ұлттық шаруашылықтың мүддесін қорғайтын, халықаралық тауар айналымының артуына мемлекеттің араласуы.

Сыртқы сауда саясатын қалыптастырып, оны жүзеге асыруда көбіне бірінші вариант қолданылған мен жоғарыда аталған екі вариант қазірдің өзінде сақталуда.