Ахилл рефлексі

Тізе рефлексі

Зерттелуші орындыққа отырып, аяғын бір-бірінің үстіне қояды. Балғашықпен тізеден төмен төрт күмбезді бұлшықеттің сіңірінен жаймен ұрады. 21 суретте тізе рефлексінің рефлекторлық доғасының сызба нұсқасы келтірілген.

 

Тізе рефлексі.

 

Ахилл рефлексі

Зерттелуші табанын еркін салбыратып, орындыққа тізесімен тұрады. Балғашықпен ахилл сіңірінен жаймен ұрады.

Табан ұлтанының иілуін қадағалайды. 22 суретте ахилл рефлексінің рефректорлық доғасының сызба нұсқасы келтірілген.

 

Ахилл рефлексі

 

Көз қарашығының рефлексі

Зерттелуші терезеге бетпе-бет отырып, көзін қолмен жабады. Зерттелушінің екінші көзін біресе экранмен жабады, біресе ашады. Көз қарашығының өзгерісін бақылайды.

Жұмысты қорытындылау: Рефлекстердің рефректорлы доғаларының сызбасын салыңыз. ОЖЖ қандай бөлігі зерттелген рефлекстердің қайсысына жауапты.

 

Жұмысты қорытындылау:Рефлекс доғаларының сызбанұсқасын дәптерге салу және маңыздылығын түсіндіру.

 

 

Зертханалық сабақ 13.

 

Мақсаты:Адамның висцеральдік рефлекстерімен танысу.

1 жұмыс. Көз-жүрек рефлексi (Данини-Ашнер тәжірибесі)

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар:секундомер, тәжірибе адамға жасалынады.

Жұмыстың барысы: Алдымен қалыпты жағдайдағы 1 мин. жүрек соғу жылдамдығын анықтайды. Енді зерттеуші тексерілушінің екі көзінің көз алмасын 10 сек. бойы үлкен саусақтарымен басады да жүрек соғысы жылдамдығын қайта санайды. Нәтижесінде жүрек соғысы жылдамдығының азайғанын байқау қиын емес.

Жұмысты қорытындылау: Зерттеу барысын және нәтижелерін дәптерге жазу. Алынған мәліметтер бойынша графикті құрастыру. Данини – Ашнер рефлекстің механизмің түсіндіру.

Ескерту. Көз-жүрек рефлексiоң (пульстің бәсеңдеуi), теріс (көз алмасына саусақтарымен басыу жүрек жұмысың өзгертпейді) және бұрмаланған (минутқа 15-20 соққыларына пульстің жиілеу) болуы мүмкін.

Қалыпты жағдайда бір минутында 8-10 соққыларына пульстiң бәсеңдеуi болу керек. Пульстiң бір минутында 10 соққыларға бәсеңдеуi вегетативтiк жүйке жүйесiнiң парасимпатикалық бөлiмiн қозғыштықтын жоғарылауын көрсетедi, ал пульстiң бір минутында 2-4 соққыларға бәсеңдеуi немесе пульстің жиілеуі – бұрмаланған реакция - вегетативтiк жүйке жүйесiнiң симпатикалық бөлiмiн қозғыштықтын жоғарылауын көрсетедi.

2 жұмыс. Геринг рефлексі (тыныс алу аритмияның симптомы)

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар:секундомер, тәжірибе адамға жасалынады.

Жұмыстың барысы: Алдымен қалыпты жағдайдағы 1 мин. жүрек соғу жылдамдығын анықтайдыСодан кейін зерттелуші бір қатар терең және үдетiл тыныс алу қозғалыстарды жасайды (жайсыздықтың сезiмiне дейiн). Тәжірибе кезінде пульсті санап және оны қалыпты көрсеткішімен салыстырады. Адамдарын көпшiлiгінде пульстiң саны азаяды. Вегетативтi бұзылыстарында бұл рефлекс кенет күшейеді.

Жұмысты қорытындылау: Зерттеу барысын және нәтижелерін дәптерге жазу. Геринг рефлекстің механизмің түсіндіру.

3 жұмыс. Ортостатикалық рефлекс (Превель рефлексі)

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар:секундомер, тәжірибе адамға жасалынады.

Жұмыстың барысы: Зерттелушіні кушеткаға жатқызып, оның пульсін санайды. Содан кейін түрегеп тұру сәтте зерттелушінің пульсін санайды. Қалыпты жағдайда пульстің 6-24 рет/мин. жиiленуi байқалады. Пульстің саны минутына 24-тен жоғарыласа – онда симпатикалық жүйке жүйесiнiң тонусының басымдылығын, ал 6-дан төмендесе - онда парасимпатикалық жүйке жүйесiнiң тонусының басымдылығын дәлелдейді.

Жұмысты қорытындылау: Зерттеу барысын және нәтижелерін дәптерге жазу. Превель рефлекстің механизмін түсіндіру.

Зертханалық сабақ 14.

1-жұмыс. Эндокриндік бездердің топографиясы мен анатомиясы.

2-жұмыс. Эндокриндік бездердің микроскопиялық құрылысы.

Эндокринді бездердің анатомиясы мен топографиясы

Жұмыстың мақсаты: егеуқұйрыққа жасалған тәжірбиден гипофиздің, бүйрекүсті, жыныс, қалқанша және ұйқы бездерінің анатомиясы мен топографиясын зерттеу.

Жұмыска қажетті құрал-жабдықтар: Хирургиялық аспаптар жиынтығы, шыны қалпақ, корнцанг, хирургиялық инелер, лигатуралар, рингер ерітіндісі, мақта, бинт, эфир. Жұмыс егеуқұйрықпен орындалады.

Жұмыстың барысы: Егеуқұйрықты эфирмен ұйықтатқаннан кейін операциялық үстелге арқасымен жатқызып, аяқтарын бекітеді, басын күрек тістері арқылы үстелге бекітеді. Тұмсығына эфирге шыланған мақтасы бар қалпақ кигізеді. Мойының және қарнының жүнін қырып, спиртпен өндейді. Терісін ортаңғы сызық бойымен кеседі. Дене қуысын ашып, жараны қысқышпен кеңітеді.

Қалқанша без. Мойынның кесілген жерді ілгектің көмегімен екі жаққа ысыра отырып, көкірек-тіласты еттерін ашады. Ашылған жерден көкірек-тіласты еттерін екі жағынан жартылай жауып жатқан сілекей бездерін көруге болады. Жақасты бездерін екі жаққа итеріп, өткір пинцент көмегімен көкірек-жақасты еттерін ортаңғы сызық бойымен кеседі де ілгектің көмегімен екі жаққа ығыстырады. Осы кезде үстіңгі жағында қалқанша без орналасқан кеңірдек көрінеді.

Ұйқы без. Егеуқұйрықтың ұйқы безі асқазан мен көкбауырдың жалғасқан жерінде орналасқан.Ол көптеген жекеленген бөлшектерден тұратын борпылдақ масса.

Бүйрекүсті бездер. Бүйрекүсті бездер бүйректердің жоғарғы жағында орналасқан. Бүйректің жоғарғы жағы мен бездің астына пинцетті кіргізіп, екінші пинцеттің көмегімен безді майдан босатадыда қоршаған ұлпамен бірге шығарып алады.

Аталық жыныс бездері. Уманы терісі арқылы жоғары көтеріңкіреп, тұқым бездері аралығындағы сызық бойымен теріні 1 см етіп кеседі. Терінің шетін пинцетпен көтеріп, оны тұқым қабығымен жабысқан ұлпалардан тазалайды. Одан кейін уманың жоғары жағынан саусақпен басса тұқым безі сыртқа сығылып шығады.

Аналық жыныс бездері. Аналық без бүйректің төменгі жақтын маңайында орналасады.

Гипофиз. Гипофиз мидың түп жағындағытүрік ершігінде орналасқан.

Жұмысты қорытындылау:эндокринді бездердің морфологиялық және қызметтік ерекшеліктерін дәптерге салып көрсету.

Зертханалық сабақ 15.

Мақсаты:Көздіңнегізгі қызметің білу, периметрді қолдана отырып көз

өрісін анықтауды үйрену, көз торындағы соқыр таңбаны табу

және кору тәсілдерін үйрену.

1-жұмыс. Көз өткірлігің анықтау.

2-жұмыс.Көру өрісін анықтау.

3- жұмыс. Көз торындағы соқыр таңбаны көру.

 

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар:Көз өткірлігің анықтау кестесі, Форстер периметрі, ақ және түсті дөңгелекшілер, сызғыш, көру өрісінің бланкасы, ақ дөнгелек және крест таңбалы қағаз. Жұмыс адамдарменжүргізіледі.

Жұмысты қорытындылау:Жұмысмазмұнын көшіріп жазу. Әр студент өзінің көз откірлігін анықтайды. Көру өрісінің шеңберін сызу. Көз торының соқыр таңбасын түсіндіріп, дәптерге жазу.

 

Зерханалық сабақтарға арналған әдебиеттер

Негізгі әдибиеттер:

1. Нурғалиев Ж.Н., Нурғалиева Қ.Ж. Қалыпты физиология бойынша практикум.

Алматы, «Қазақ университеті», 2004 – 125 б.

2. Сәтбаева Х.К. ж/е т.б. Адам физиологиясы. Алматы, «Дәуір», 2005.

Қосымша әдибиеттер:

  1. Руководство к практическим занятиям по физиологии ./под ред. Г.И.Косицкого, В.А.Полянцева.-М.: Медицина, 1988.
  2. Практикум по нормальной физиологии. /под ред Н.А.Агаджаняна, А.В. Коробкова.- М, 1983.
  3. Дүйсембин Қ.Д., Алиакбарова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы.- Алматы, 2003. – 400 бет.

 

 

Баға қою политикасы:

1. Сабаққа міндетті түрде қатысу.

2. Лабораториялық жұмыс өз бетімен (немесе 2-3 студент тобының құрамында) орындалу керек.

3. Әрбір лабораториялық жұмысында болу керек:

- жұмыстын мақсаты мен міндеттері;

- жұмысқа қажетті құрал-жабдықтардын тізімі;

- жұмыстын барысы (қысқаша);

- жұмыстын нәтижелері мен қорытындысы;

- қойылған сұрақтарға жауаптары.

4. Жоғары аталған жағдайларды сақтау барысында лабораториялық сабақ үшін 1 баллқойылады.

 

Жарамайтын жағдайлар:

- сабаққа кешігу және сабақтан кету;

- сабақтын үстінде үйялы телефонмен қолдану;

- тапсырмаларды кешігіп тапсыру.