Н.К. Омарова
Кітап
ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтің редакциясымен.
Құрастырушы-aвторлар:О.В. Бакбардина, Л.Г. Матвеенкова, Н.К. Омарова, Б.Б. Әкімбекова, Р.Т. Шерембаева, М.К. Малыбаева, Ж.Х. Хожина, Г.Қ. Қабылбекова, С.А. Сейітбеков, Н.В. Безноско, А.Т. Оралова, М.Б. Исабаева, Е.Н. Бакланова.
Экология және ұлт денсаулығы. Студенттік топтар кураторларына көмек ретінде. 7-кітап / ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтің редакциясымен. – Қарағанды: Қараганды мемлекеттік техникалық университеті баспасы, 2009. – 85 б.
Жинақта экологияның ұлттың денсаулығына әсер ету мәселелері, сондай-ақ салауатты өмір салтының негізгі факторлары қарастырылады. Жинақ материалдары кураторларға Қазақстан Республикасы Президентінің тұлғасы өнегесінде қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша куратор сағаттарын және басқа шараларды дайындау үшін ұсынылады.
© Қарағанды мемлекеттік
техникалық университеті, 2009
Кіріспе
Адамзат жаһандық проблемалардың ауыр жүгін арқалап, XXI ғасырға қадам басты, олардың шешімі әлеуметтік прогресс және адамзаттың өркениетінің аман қалуы тәуелді болып тұр. Ол мәселелердің қатарындағы ең өткірі экологиялық проблема болып табылады. Адамзат үшін атомдық және химиялық әлемде өмір сүру неғұрлым қолайлы болуда, бірақ радиация, қоршаған ортаның улы қосылыстармен ластануы, химиялық қарулардың әлеуетті қаупі адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін қосымша мәселелердің пайда болуына әкелді.
Экологиялық проблемалардың барлық түрлері тең дәрежеде Қазақстан-ның алдында да тұр. Алайда біздің елімізде жағдайды күрделілендіретін мәселе - Қазақстанның ұзақ уақыт бойы ядролық қаруларды сынаудың базасы болып табылуы. Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайдың нашарлауы тұрғындардың өміріне қауіп төндіруде. Әскери полигондардағы сынақтарды, өнеркәсіптік кәсіпорындарды пайдаланып болған соң, улы өнеркәсіптік заттарды тонналап қоршаған ортаға тастауынан, ал ауыл шаруашылығы арам шөптер мен құрт-құмырсқаларды жою үшін улы химиялық заттарды пайдалануынан Республика аумағының төрттен бір бөлігі өмір сүруге жарамсыз. Жердің шөлге айналу салдарына жайылымдардың тең жартысы пайдалануға келмейді, суармалы жердің 75% сортаң жерлерге айналған. Жекелеген аудандарда адамдардың орташа өмір сүру ұзақтылығы дамыған елдерге қарағанда 15-20 жылға қысқарды.
Бүгінгі күнде Қазақстанда ғылыми зерттеу жұмыстарының көбі қоршаған ортаны қорғау саласына ерекше назар аударуда. 2007 жылы 9 қаңтарда ҚР Экологиялық кодексі қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстан ТМД елдері арасындағы осындай кодексті қабылдаған жалғыз ел екенін ерекше атап өту қажет. Бұдан басқа, үш томдық ұлттық Экологиялық атлас құрастырылған, әскери-сынақ полигондарында және «Байқоңыр» космодромында зерттеу жұмыстары жүргізілуде, қоршаған ортаның жағдайы және тұрғындардың денсаулығы арасындағы байланыс мәселелері зерттелуде. Жыл сайын қоршаған ортаның жай-күйі туралы ұлттық есеп баспаға шығарылады.
Алайда экологиялық проблемаларды шешу тек мемлекеттің ісі ғана болуы мүмкін емес. Әрбір адамның бойында осы деген өз қатысын, елінің экологиялық болашағы үшін азамат ретіндегі оның жауапкершілігі туралы түсінігін қалыптастыру қажет. Сондықтан студенттерге экологиялық тәрбие беруді отаншылдық тәрбие берудің құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыруға болады.
Бұл жинақта Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылары дайындаған Қазақстан Республикасындағы экологиялық ахуалды, сондай-ақ экология мен денсаулықтың өзара байланысы және өзара тәуелділігін сипаттайтын материалдар ұсынылған. Бұл материалдар «Экология және ұлт денсаулығы» тақырыбы бойынша кураторлық сағаттарды дайындау мен өткізу кезінде кураторларға ақпараттық көмек көрсетеді.
Қазақстан Республикасындағы экологиялық ахуал
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
ӨЭ және Х кафедрасының
доценті, техн.ғыл.кан.
Н.К. Омарова
Қазақстан Республикасы жаңа ғасыр табалдырығын аттай отырып, басқа мемлекеттер сияқты қоршаған орта туралы күрделі проблемаларға тап болды. Қазақстанда ондаған жылдар бойы қоршаған ортаға экстремалды жоғары техногенді жүктемелерге байланысты табиғатты пайдаланудың шикізатты басым жүйесі жіктелді. Бұл пайда болудың ғана себепшісі емес, сонымен қатар біздің республикамызда ауыр зардаптар түрінде қалған экологиялық проблемалардың тұрақты өсуіне де байланысты.
Семей ядролық полигонында 40 жыл бойы жүргізілген ядролық қарулар-ды сынау қоршаған табиғат ортасына және адамдардың денсаулығына орны толмас зардаптарын әкелді, халықтың өлім-жітіміне, жалпы ауру түрлерінің артуына әкелді. Семей өңірінің барлық аумағы, Павлодар, Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарына шекаралас жатқан полигон экологиялық зардап-тар аймағы болып танылған.
Планетаны Арал теңізі проблемасы алаңдатуда, оның өміршең қажетті су ресурстарын қалпына келтіру үшін ғалымдардың күштері бағытталған.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтама-сыз етудің, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудың мүлдем жаңа мемлекеттік жүйесін құру мен қалпына келтіру жылдары болды. Оның бастауына мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісі қызмет етті, онда Қазақстандағы экологиялық проблемалар алғашқы рет қарастырылды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажеттілік анықталды.
Осы мақсатта Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Президент Жарлығымен бекітілген 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республика-сының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеген. Осы тұжырым-даманың негізі «2030 Стратегиясында» салынған, онда «қоршаған ортаны қоректендіру, тазалығын жақсарту және экология» біздің мемлекетіміздің дамуындағы басым бағыттардың бірі болып табылады.
Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасының жалпы түсінігі дәстүрлігі-мен қатар, дәстүрлі емес сипаттағы қатерлердің кең спектрін енгізеді, олардың арасында қоршаған орта жағдайының нашарлауы негізгі компоненттердің бірі болып табылады. Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің негізгі стратегиялық компоненттері және мемлекеттік басымдықтардың маңызды аспектісі болып табылады, себебі адамзат дамуының осы кезеңінде экологиялық проблемалар тірі қалу проблемасына өтуі мүмкін кезде биосфераға мүмкін әсер ету шегінде болады.
Қазіргі кезде біздің республикамыздың көптеген өңірлерінде экологиялық ахуал тек қолайсыз ғана емес, сонымен қатар өте апатты жағдайда. Бүгінгі кезде барынша қауіптісі экологиялық дағдарыстың пайда болуы болып табы-лады, техногендік босауға, топырақтың құлдырауы, су ресурстарының азаюы мен ластануы, ормандар санының қысқаруы, биологиялық әр түрліліктің қайтарымсыз қысқаруы және тірі табиғаттың генетикалық қорының бұзылуы, радиациялық бұзылу, қауіпті және улы заттардың жинақталуы жатады.
Қоршаған ортаны ластаушы және табиғат жүйесінің құлдырауын тудыратын негізгі көздері өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, автомобиль көлігі, басқа антропогендік факторлар болып табылады. Биосфера және қоршаған ортаны қорғаудың қосылған компоненттерінің арасынан атмосфера барынша сезгіш болып табылады, оған тек газ тәріздес ластаушылар ғана емес, сонымен бірге сұйық және қатты заттар да келіп түседі.
Біздің жер шарын қоршап тұрған атмосфера нені білдіреді? Бізді қоршап тұрған ауа – бұл газдардың қоспасы. Қазақстан үстіндегі атмосфераға улылығы жоғары газ тәріздес және қатты заттардың маңызды қоспасы бөлінеді. Егер әр түрлі тұрақты көздерден лақтырындылардың санын салыстыру қажет болса, онда шамамен 50 пайызы жылу-энергия көздерінен лақтырылады, ал 33 пайызы – тау-кен және түсті металлургия кәсіпорындарынан лақтырылады. Әрекет етудің барынша кең радиусы азот пен күкірт тотығы болып табылады. Олар маңызды ара қашықтықта тасымалданады және ауыл шаруашылығына маңызды әсер етеді.
Атмосфералық ауаның ластануына Қарағанды (жылына 1 млн. тоннадан артық), Павлодар (400 мың. тоннадан артық), Шығыс-Қазақстан (200 мың. тоннадан артық) облыстары негізгі үлес қосады. Барынша ластанған қалалар және өнеркәсіп орталықтары Өскемен, Алматы, Шымкент, Риддер болып табылады.
Атмосфераны ластау көздері сондай-ақ авто және темір жол көлігі болып табылады. Жылжымалы көздерден жыл сайын шығатын лақтырындылар шамамен 1 млн. тоннаны құрайды. Алматыға атмосфераның ластанудың жалпы массасының 90% автокөліктердің пайдаланылған газды шығаруынан келеді. Астананың қарқынды дамуына, автокөліктер санының ұлғаюының, жылжымалы көздерден шығатын лақтырындылар Астанада жалпы 37% құрайды.
Антропогендік артық жүктемелер және рационалды емес табиғат ресурстарын пайдаланудан пайда болған қазіргі заманғы экологиялық проблемалар, сөзсіз, Қазақстан аумағындағы топырақтың үстіңгі қабатына әсер етеді.
Демек, күлі көп Екібастұз көмірі қоршаған ортаны ластай отырып сол жерде жанып кетеді, ал таза энергия негізінен республикадан тыс тұтынатын жерлерге жіберілді. Республиканың топырақ қабатына түзетуге келмейтін залалды әскери өнеркәсіптік кешен кәсіпорындары тигізді. Осы уақытқа дейін бұл топырақ және олардың орналасқан жері құпия күйде ұсталды.
Топырақты радиоактивті ластау зардаптары орасан қауіп төндіреді. Топырақтың күшті ластануы Ақтау қаласына жақын Қарақия ойпатында уран кен орындары аудандарындағы экожүйе компоненттері ұшыраған. Ұзақ мерзімді уақыт бойы уран рудасын өндірді және оны Каспий маңындағы тау-кен-металлургия комбинаты кәсіпорындарының табиғат секторында байытты. Радиоактивті қалдықтар қалаға жақын орналасқан көлдер және Каспий теңізінде жинақталды. Жер асты суларымен бірге олар теңізге құлауы мүмкін деген ықтималдылық бар, оның деңгейі жағалау маңындағы аумаққа дейін жайылып үздіксіз артуда.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағының топырақ-экологиялық жағдайын қанағаттанарлықсыз ретінде бағалауға болады. Экологиялық жағдайды тұрақсыздандыру топырақты өздігінен қалпына келтіру мүмкін емес процестерге дейінгі дәрежеге жетті. Бұзылған топырақты рационалды пайдалану, қорғау және қалпына келтіруді, топырақ құлдырауының алдын алу, эрозияға ұшыраған және техногенді бұзылған топырақты, сондай-ақ жайылымдарды қалпына келтіру бойынша бағдарламаны әзірлеу талап етіледі.
Макроөңір шаруашылығын аумақтық ұйымдастыруды жетілдірудің маңызды бағыты су шаруашылығы проблемаларын шешу болып табылады. Қазақстанда шамамен суландыру үшін жарамды 50-60 млн. га жер есептелген. Сол уақытта су ресурстары тек 8-10 млн. га жерді суландыруға жетеді. Мұндай жағдайда суармалы егіс алқаптарын дамытудың жолдарын дұрыс таңдау керек, экожүйені бұзудың қайтарымсыз процестеріне жол беруге болмайды.
Қазақстанның экологиялық жағдайын экономика мен қоғамды, заңды тұрғыда экологияландыру арқылы оң бағыттарға қарай өзгертуге болады.
1. Заңдарды экологияландыру
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайтын құжат «Қазақстан өз дамуында жаңа ілгерілеудің алдында тұр» деген атауға ие болды.
Жобаның барлығын қысқаша сипаттау өте қиын. Ол экологиялық ахуалды басқарудың қолданыстағы жүйесін түпкілікті өзгертеді және қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыруға бағытталған. Халықаралық экологиялық стандарттарға өту қарастырылған. Оның негізгі міндеті – кодекс деңгейіне дейін экологиялық басқару мәселелерін заңды деңгейде қорытындылау және жүйелеу.
Осы ережені әзірлеу кезінде барлығы әр түрлі халықаралық ұйымдардың 20 ұсынысы және басқарушы құжаттары, 22 халықаралық конвенциялар, Еуроодақтың 30-дан астам 30 директивасы және басқа мемлекеттердің заңдары, ТМД Модельді кодексі, Қазақстандық заңдардың 200-ден астам нормативтік құқықтық актілері пайдаланылған.
Ең үздік еуропалық тәжірибе мысалы бойынша ең бірінші рет ең озық қол жетерлік технологиялар негізінде берілген кешенді экологиялық рұқсат ету жатады, ал экологиялық рұқсат етудің әрекет ету мерзімі 3-5 жылға арналған және оларды беру тәртібі маңызды түрде қысқартылған.
Сондай-ақ ең бірінші рет кәсіпорындар өнеркәсіптің күрделілігі және олардың қоршаған ортаға әсер етудің мүмкін әсерлерінің дәрежесі бойынша 4 топқа бөлінген, әрбір келесі топ үшін экологиялық рұқсат беру тәртібі рәсімі ықшамдалған.
Бұдан басқа, мемлекеттік экологиялық бақылау кезінде инспекторлық тексерулерді жүзеге асыру тәртібі белгіленген, ал бұл қазіргі заманғы заң талаптарына сәйкес келеді, бірақ экологиялық бақылауды жүзеге асыру кезінде өндірістік бақылауға үлкен көңіл бөлінеді.
Осылайша, Қазақстан алдында тұрған экологиялық проблемаларды шешу үшін заңнамалық негіздер құрылады. Нәтижесінде 2010 жылға қарай біз қоғамның тұрақты дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасауымыз керек.
2. Экономиканы экологияландыру
Қазақстанда соңғы 10 жыл ішінде атмосфераға зиянды заттарды лақтыру көлемінің өсуі байқалмайды. Бұл бір жағынан, өндіріс көлемінің құлдырауымен, ал екінші жағынан, өндіріске жаңа тазарту құрылғыларын енгізумен, технологиялық процестерді жетілдірумен байланысты. Мысалы, «Қазақмыс» Корпорациясы, «Балхашцветмет» АҚ өндірістік бірлестігінің мырыш зауытын пайдалану үшін іске қосылғанын айтуға болады. Бұл жерде күкірт қышқылының әсерінен және жоғары қысым кезіндегі оттегіден жоғары температуралы автоклавты сілтілендіру концентратының прогресшіл экологиялық таза технологиясы пайдаланылды, дәстүрлі күйдіруді азайта отырып, атмосфералық ауаға келеңсіз әсер етуді азайтуға мүмкіндік береді.
Қоршаған ортаны ластауды азайтуды экономикалық ынталандыру мақсатында Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұйрығы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін мөлшерлеме төлеу белгіленген. Қуатты өндіріс орналасқан жерде экологиялық ахуал әрдайым күрделі шиеленіскен. Осыған байланысты, Министрлік тарапынан, қоршаған орта жағдайын тұрақты және тиісті мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады.
Заңды бұзғандар үшін әкімшілік сипаттағы айыппұл төлеу және ескертпелер түрінде инспекторлық қолданыстағы іс-шаралар, азаматтық сипаттағы – қоршаған ортаға тигізген залалдардың орнын толтыру туралы талаптар және шағымдар түрінде қабылданады.
Экологиялық проблемаларды шешудің сапасын арттыру мақсатында қоршаған ортаны қорғаудың Бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылды. Оның әрі қарай дамуы «электрондық Үкімет» шеңберінде осы жүйені интеграциялауға, халыққа ақпараттық қызметтерді ұсынуда қуатты құралдарды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, «электрондық Үкіметті» енгізу шеңберінде электрондық-цифрлық қол қоюды қолдана отырып, ведомство аралық құжат айналымын пайдалануды енгізу жоспарланған.
Қазіргі кезде тоқсан сайын «Гидрометеорология және экология» журналы шығарылады. Қоршаған ортаны қорғаудың Ақмола облыстық аумақтық басқармасының қолдауымен «Экологиялық хабаршы» облыстық газеті шығарылады. Министрліктің Веб-сайты жұмыс істейді. Бұдан басқа, «Экологиялық ақпараттық-аналитикалық бюллетень» шығаруды қайта жаңарту бойынша жұмыстар, сондай-ақ «Эколог» орталық газетін шығаруды ұйымдастыру жүргізілуде.
Қоғамды экологияландыру мақсатында Білім және ғылым министрлігімен бірге үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін қалыптастыру бойынша жұмыстар басталды. Еліміздің ЖОО ынтымақтастық пен өзара түсінік туралы 19 меморандумға қол қойылды, онда студенттерді ғылыми-практикалық даярлау механизмдері, өндіріске инновациялар және озық технологияларды енгізу мәселелері, экологиялық мамандықты бітірген түлектерді жұмысқа орналастыру қарастырылған.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жанында біліктілікті арттыру және қайта даярлау орталығы құрылды, онда қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық басқармасының қызметкерлері ғана емес, сонымен бірге тірі табиғат пайдаланушы өнеркәсіптердің мамандары да оқытылады.
Әскери сынақ полигондарында және «Байқоңыр» космодромында зерттеулер жүргізіледі, қоршаған орта жағдайы мен тұрғылықты халықтың денсаулығының өзара байланысты проблемалары зерттеледі, Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлеріндегі радиациялық ахуал тексеріледі. Ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша жаңа нормативтік-әдістемелік құжаттар әзірленеді және түзетіледі. Мысалы, «Төтенше экологиялық жағдайды жариялау ережесі» әзірленді, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген.
3. Қоғамды экологияландыру
Халыққа экологиялық тәрбие беру мәселесімен сауаттандыру жиынтығында салауатты өмір салтын насихаттау мемлекеттік ақпараттық саясаттың басым бағыттары ретінде анықталды және жетекші БАҚ (НТК, «Қазақстан», «Хабар» Агенттігі және Қазақ радиосы) және 59 республикалық басылымдар мемлекеттік тапсырысты тарату арқылы іске асырылады.
Қазақстанның жаңа Ұлттық атласы әзірленді. Бұл атлас – посткеңестік кеңістіктегі алғашқы атлас. Ол үш томнан тұрады. Атлас материалдары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жоғары және орта оқу мекемелерінде интерактивті оқыту үшін негіз болып қызмет етеді. Оны құрастыру кезінде қазіргі заманғы геоақпараттық технологиялар қолданылған.
4. Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту
Қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық конвенцияларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Демек, Қазақстан қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау және оларды тасымалдау үшін бақылау бойынша Базель конвенциясына қосылды. Осының арқасында қауіпті қалдықтарды декларациялау бойынша жаңа кедендік ережелер белгіленді, ол екінші реттік шикізат және өнімдер түрлері бойынша еліміздің аумағына оларды тасымалдаудың алдын алады.
Ғаламдық экологиялық қор (ҒЭҚ) жобаларын сектор аралық үйлестіру бойынша Ведомство аралық жұмыс тобы құрылды.
Каспий маңындағы мемлекеттермен өзара қатынастар бойынша маңызды прогреске қол жеткізілді. Каспий теңізінің ортасын қорғау жөніндегі Рама конвенциясына қол қойылды және ратификацияланды.
Төзімді органикалық ластанушылар бойынша Стокгольм конвенциясын ратификациялауға, жекелеген қауіпті химиялық заттар және халықаралық саудадағы пестицидтер қатынасында алдын ала келісілген келісімдер рәсімдерін қолдану бойынша Роттердам конвенциясын ратификациялауға, климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ Киото Рама конвенциясының хаттамасына дайындық жүргізілуде.
Қазақстан Республикасындағы экологиялық ахуалды барлық адамзаттың проблемаларынан бөліп жарып қарастыруға болмайды.
Адамзаттың алдында тұрған ғаламдық экологиялық проблемалардың бірі климаттың өзгеруі болып табылады. Климаттың өзгеруіне теріс әсер ететін, парник газының атомосфераға лақтырындысын регламенттейтін жалғыз халықаралық құжат Киото хаттамасы болып табылады. Киото хаттамасын Қазақстанда ратификациялау мәселесі қоршаған орта сапасын тұрақтандыру бойынша ведомство аралық комиссиясында қарастырылған. Осы мәселе бойынша парламенттік тыңдаулар жүргізілді және Киото хаттамасын ратификациялау туралы Заң жобасы мемлекеттік органдардың келісімінде қаралуда.
Экология және климатты ғылыми-зерттеу институттары Қазақстан аумағында парник газдарының эмиссиясын жыл сайын түгендеу және осы проблема бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілуде.
Келесі ғаламдық проблема – Жердің озон қабатының бұзылуы. Озон қабатын қорғау бойынша міндеттемелерді іске асыру мақсатында озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды азайту, оларды сатудан алып тастау, озон қабатын бұзатын заттарды тұтынушы-кәсіпорындар технологияларын айырбастау және қолдау бойынша іс-шараларды енгізетін іс-әрекеттер жоспары мен жобасы әзірленді және іске асырылуда. Сондай-ақ бұл бағытта республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Био әр түрлілікті сақтау проблемаларын шешу шеңберіндеЮНЕСКО Бүкіл әлемдік мұра тізіміне табиғи объектілерді енгізу жұмысы жүруде, олардың арасынан ең бірінші объектілер Алтай аумағы және Қорғалжың және Наурызым мемлекеттік табиғи қорықтары болып табылады.
Тағы да бір ғаламдық экологиялық проблема сортаң жерге айналу болып табылады. Жоғарыда атап өткендей, Қазақстан Республикасы аумағындағы шөлейтке айналу процесін қалпына келтіру және алдын алу бойынша шараларды қарастыратын «2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы күрес жөніндегі бағдарламасы» Үкіметтің Қаулысымен әзірленді және бекітілді. Қазіргі уақытта Ғаламдық экологиялық қор жер ресурстарын басқару бойынша Орталық Азия елдерінің Бастамасын мақұлдады және бес мемлекет үшін 10 жылға шамамен 1 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру қамтамасыз етіледі.
Қазақстан алдында ғаламдық экологиялық проблемалармен қатар ұлттықэкологиялық проблемалар тұр.
Орталық Азия мемлекеттерін қосу жөніндегі Қазақстан бастамасын және шекаралық су ағындарын және халықаралық көлдерді қорғау мен пайдалану бойынша Хельсинки конвенциясын қолдау мәселесі жүргізілуде. Осы мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру шеңберінде Орталық Азия елдеріндегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігіне сол елдердегі тиісті органдармен көрсетілген құжатқа олардың қосылуы туралы мәселелерді қарастыру туралы тапсырма берілді. Сондай-ақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілдігіне су мәселесі бойынша халықаралық және аймақтық конференциялар, семинарлар, симпозиумдар жүргізу бағдарламасына аталған ұсыныстарды енгізу туралы мәселені қайта қарауға жіберілді.
«Арнайы экологиялық талаптар және Каспий қорық аймағындағы және Каспий маңындағы өңірлердегі шаруашылық қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар» жобасы әзірленді, алайда Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджеттік бағдарламалар шеңберінде жүргізілетін Каспий теңізі қорық аймағын аймақтандыру нәтижесі есебінен оны іске жарату туралы шешім қабылданды.
Ғылыми бюджеттік бағдарламалар шеңберінде Атырау және Маңғыстау облыстары шегінде Каспий теңізі жағалауының қазіргі заманғы экологиялық жағдайын мамандандырылған өрістік экологиялық және инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізілуде.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бюджеттік бағдарламалары шеңберінде әскери-ғарыштық және сынақ полигондарының экологиялық жағдайының мониторинг жүйесін жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Экологиялық қауіпсіздікке жету жағдайы жергілікті экологиялық проблемаларды шешу болып табылады.
Осы үшін радиоактивті көздерді түгендеу және радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу және көму бойынша мамандандырылған ұйымдастыруды жасау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Өндіріс және тұтыну қалдықтарына, Арал теңізіндегі Возрождение аралы аумағын бактериологиялық залалсыздандыру зерттеулерін жүргізуге басты назар аударылуда.
Адамзат жаңа ғасыр табалдырығын аттар алдында өткеннен қорытынды шығара отырып, өркениеттің жетістіктерін мойындай отырып, болашаққа көз жүгірте отырып, экологиялық проблемалар ғаламдығын тани алады, тұрақты даму жолындағы оларды шешу мен алға жылжу есебінен өз қызметін жоспарлай алады.
Әдебиеттер тізімі
1. Высшая школа Казахстана. 2002. № 1.
2. Высшая школа Казахстана. 2001. № 3.
3. Вестник «Экологическая версия». Алматы, 2000.
4. Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство РК. Алматы, 1995.
5. Сагыбаев Г. Основы экологии. Алматы, 1995.
Қазақстандықтар үшін ядролық сынақтардың зардаптары
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
ӨЭ және Х кафедрасының
доценті, техн.ғыл.кан.
Б.Б. Әкімбекова
2009 жылы 19 маусымда Қазақстан Республикасы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 20 жылдығын және Семей ядролық полигонындағы сынақтар тоқтатылуының 20 жылдығын атап өтті. Халықпен бірге осы күнді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өтті. Полковничий аралында Семей полигонындағы «Өлімнен күшті» атты ядролық сынақ құрбандарына арналған мемориал бар, сол жерде полигонның жабылуының 18 жылдығына арналған және Қазақстан аумағындағы ядролық соғыстың аяқталуына арналған халықаралық митинг өтті.
«Жиырма жыл бұрын осында, Семей жерінде әлемдегі аса ірі полигондардың бірінде соңғы ядролық жарылыс болып өтті. Ядролық сынақтарды тоқтатуға «Невада-Семей» халықаралық қозғалысы белсенді жәрдемдесті. Шынайы бүкілхалықтық күш-жігердің нәтижесінде 1989 жылы Семей полигонында жоспарланған 18 ядролық сынақтың 11-ін тоқтата алдық. Біздің жерімізде барлығы 456 ядролық сынақ өткізілсе, олардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе артық еді. Біздің халқымызға келтірілген орны толмас залалды әлі күнге дейін сезінудеміз. Барлық қиындықтарға қарамастан, мемлекет ешқашан өз азаматтарын олардың проблемаларымен бетпе-бет қалдырған емес. Осы мақсаттарға 34 миллиард теңгеге жуық қаржы көзделген. Бұл қаржы Шығыс Қазақстан облысында онкологиялық аурулар бойынша медициналық кластерді құруға жұмсалады.
Семей полигонының төңірегіндегі экологиялық апатқа ұшыраған аймақ қана 300 мыңнан астам шаршы шақырымды алып жатыр. Қазақстанның Германия аумағына барабар аумағының оннан бірі бөлігі уланған, құла дүзге айналып, жүздеген ядролық жарылыстар оған жазылмастай жарақат салды. Біз сондай-ақ халықты және Семей өңірінің экологиясын нәрлендіруге қосқан үлестері үшін шетелдік әріптестерімізге ризашылық білдіреміз. Өкінішке орай, Қазақтан өнегесіне ергендер аз болды. Жуырда Солтүстік Кореяның ядролық сынақ өткізуі, Иран ядролық бағдарламасы төңірегіндегі қарама-қайшылықтар, екі ядролық державаның – Үндістан мен Пәкістанның көп жылдардан бергі қарсы тұрушылығы – осының бәрі бүгінде әлемдік тепе-теңдіктің қандайлық шетін болып отырғанын тағы да көрсетіп берді. Өз әріптестерімен бірлесіп, Қазақстан алдағы кезде де ядролық қарусыз дүние жолындағы жаһандық қозғалыс қаруға бар күш қуатын жұмсайтын болады. 29 тамызды, осыдан 18 жыл бұрын ядролық полигон жабылған күнді Жаппай қырып-жою қаруынан бас тартудың Бүкіләлемдік күні деп жариялау бастамасы назар аударуға тұрарлық деп санаймын. Біз бұл ұсынысты Біріккен Ұлттар Ұйымының қарауына ендіруге әзірміз» – деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев.
Семей ядролық сынақ полигонын құру туралы шешім 1947 жылы 21 тамызда қабылданған. Ядролық сынақ 1949 жылдан 1989 жылдар аралығында өтті.
ҚР Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар үш облыс аумағында орналасқан, сынақ алаңы 18500 км2, периметрі шамамен 600 км алып жатыр. Бұрынғы Семей облысы бойынша полигон алаңы 10 000 км жерді алып жатыр.
1949-1989 жылдар аралығында Семей полигонындағы ресми деректерге сәйкес 456 ядролық сынақ, соның ішінде 8-і – ауада, 30-ы – жердің үстінде және 340-ы – жер астында болды. Қоршаған ортаға атмосферада сыналған және 1949–1962 жылдар аралығында жүргізілген ядролық сынақтар орасан шығын әкелді.
Семей полигонынан басқа, Батыс Қазақстан және Атырау облысы шекарасында Нарын өңірінде 3 сынақ полигоны болды: Азғыр атом полигоны, Мемлекеттік Жазғы-сынақ орталығы және Мемлекеттік орталық полигоны (соңғы екеуі Ресей кешеніндегі Капустин Ярға тиесілі, қазіргі уақытта да қолданыста). Осы полигондар аумағында 29 ядролық жарылыс жүргізілді (18 жер асты, 11 атмосфералық). Зерттеулер мақсатында тағы да 10 ядролық жарылыс жүргізілді: 6 - Қарашығанақта, 3 – Маңғыстау облысында және 1- Ақтөбе облысында.
1966-1979 жж. аралығында Азғыр атом полигонында 10 алаңда 17 ядролық жарылыс жүргізілді. Жарылыстар нәтижесінде жалпы көлемі 1,2 млн.м3 болатын 9 жер асты жолағы және диаметрі 600 метр бір жасанды көл пайда болды. Бірінші жарылыс 300 тұрғыны бар Азғыр кентінен 1,5 км жерде 165 метр тереңдікте жүргізілді. Жарылыс ұңғымасынан 20 күн бойы қосынды радиоактивтілігі 190 мың Ku болатын газ шықты.
Келесі жарылыстар кезінде газ шығарындысы 11 айға дейін жалғасты. Полигон 80-жылдардың өзінде де жабық болатын. Алайда Азғыр полигоны аймағындағы радиациялық ахуал тұрақты емес, ластануы жеткілікті биік. Ядролық жарылыстардан кейін қалған жер асты қуыстары қатты ластанған биологиялық қауіпті радиоактивті заттарды сақтау үшін «зираттар» ретінде пайдаланылады. Олардың кейбіреуі су деңгей жиектерінен тұз ерітіндісімен толтырылды және осы уақытқа дейін өз радиоактивтілігін сақтайды. Бұл ретте ластанған топырақ көлемі 24000 м3 құрайды.
Капустин Яр ракеталық-ғарыштық полигон Ресейде Астрахан облысында орналасқан және Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарына жазғы сынақ полигоны түрінде енеді, бұл 3 млн.га астам жерді алып жатыр. Атмосферада 11 ядролық жарылыс жүргізілді, 24000 зенитті-басқарылатын ракета іске қосылды және жарылды, 177 қару үлгісі сыналды. Әрқайсысының массасы 50 тонна болатын СС-20 типтес 619 ракета жер үсті жою барысында атмосфераға улылығы жоғары шамамен 30 мың тонна заттар шығарылған.
Радиациялық және улы ластануға мына аудан аумақтары ұшырады: Қызылқоға, Қаратөбе, Тайпақ. Орда және Жаңақала аудандарының тұрғындары және табиғат кешені бірнеше жылдар бойы Азғыр және Тайсойған полигондарының қиылысқан әсерлеріне ұшырады (жер үсті ядролық жарылыстар әсері және алыстығы орташа лақтырылатын ракеталардың гептил шлейфтері). Сағыз өзенінде және Миялы кентіндегі құдық суларының ауыр металдармен ластануы ШРК асып кетеді: таллий бойынша – мың рет, кадмий – 20 есе, қорғасын – 10 есе, мыс – 10-15 есе артық, фтор – 1,5-4 есе артық.
Никель, қалайы, мырыш, кобальт, күміс, қорғасынның өсімдіктердегі құрамы сындарлы деңгейден асып кетеді.
Радиациялық ластану – иондаушы сәуле шығару әсерін тудыратын физикалық ластану түрлерінің бірі, оның көздері осындай сәуле шығару құрылғылары немесе радиоактивтілікті меңгерген кейбір химиялық заттар болуы мүмкін, яғни осы химиялық элементтердің атомдық ядроларының қабілеттілігі, иондаушы сәуле шығаруды шығара отырып, олардың изотоптарының өздігінен еркін ыдырауы мүмкін.
Қазіргі уақытта мамандардың ұйғарымы бойынша Қазақстан аумағындағы радиоактивті ластанудың жалпы деңгейі Чернобыль АЭС апаты нәтижесінде зардап шеккен аумақтарға қарағанда 1,5 есе жоғары.
Жер үсті ядролық жарылыстары ауада жарылған жарылыстарға қарағанда үлкен әсерін тигізді.
Атмосфералық сынақтар нәтижесінде радиоактивті материалдың бір бөлігі сынақ алаңынан алыс емес жерге түседі, қандай да бір бөлігі атмосфераның, төменгі қабатында кідіріп қалады да желмен бірге ұшады, үлкен ара қашықтыққа орналасады. Ауада орташа алғанда бір ай шамасында бола отырып, радиоактивті заттар осы орын ауыстырулар кезінде жерге біртіндеп түседі. Алайда радиоактивті заттардың бір бөлігі атмосфераға шығарылады (10-15 км биіктікте жатқан атмосфераның қабаты), сол жерде көптеген айларға дейін қалып қояды, жер шарының барлық бетіне баяу түсіп, шашырап тарайды. Радиоактивті шөгінділер бірнеше жүздеген әр түрлі радионуклидті қамтиды, алайда олардың көпшілігі жылдам ериді.
Қазіргі кезде Ұлттық ядролық орталық деректері бойынша Семей полигонында жер асты ядролық жарылыстар кезінде бөлу өнімдерін шоғырлаумен және оларды топырақ бетіне еріген қар суларымен және көшкін суларымен шығарумен байланысты аумақтың ластануының екінші реттік әсерлері байқалуда.
18.12.1992 жылғы азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Заңда полигонның қызмет ету нәтижесінде радиациялық әсерге 1,2 млн. адам ұшырады. Олардың бір бөлігі Шығыс Қазақстан облысында – 1,1 млн., 0,048 млн. – Қарағанды облысында және 0,052 млн. – Павлодар облысында тұрады.
Семей өңірі полигонның әсерін сипаттайтын аурулар мен денсаулық жағдайының негізгі көрсеткіштері бойынша аймақтағы қолайсыз аудандардың бірі болып қалуда. 1989 жылдан бастап тұрғындардың денсаулық жағдайына кешенді зерттеу жүргізіліп келеді, Семей қаласында радиациялық медицина және экология ҚазҒЗИ ашылды және Курчатов қаласында емдеу-диагностикалық орталығы ашылды.
Полигон аумағында Ұлттық ядролық орталығы мекемелерімен радиоэкологиялық ахуалды нақтылау және оның тұрғындар денсаулығына әсерін бағалау бойынша зерттеулер жүргізілді. Бұл материалдар БҰҰ 53 Ассамблеясы резолюция және ССЯП өңіріндегі тұрғындарды сауықтыру жобасын даярлау кезінде пайдаланылды.
ССЯП ядролық сынақты сынау нәтижесінде Қазақстан халқының денсаулығына залал келтірген шығындарды бағалау жүйесі түпкілікті әлі шешілген жоқ. Сәулеленудің қосынды дозасына және сәулеленуге ұшыраған контингент санын негізге ала отырып, аурудың жекелеген нозологиялық түрлеріне және демографиялық ахуалға әсер етудің мүмкін көрсеткіштерін талдау арқылы халық денсаулығына жүргізілген ядролық сынақтардың келеңсіз әсерінің қатерін бағалауға мүмкіндік беретін әдістеме бар.
1992 жылдың мамырында 52605 орындалған есептелген эквивалентті дозалық жүктемелер және ҚР Экология және биоресурстар министрлігі ұйымдастырған комиссия қабылдаған негізде Семей өңірінің 711 елді мекенінде сәулеленудің тиімді дозасы 0,10 бэр тең жылдық нормадан асып түсті. Максимум тиімді доза 448 бэрден асып түсті.
Республикалық СЭС есептеулері бойынша ССЯП өңірінде атмосферадан сынақ мерзімі ішінде тұрғындардың алған ұжымдық дозасы шамамен 100 мың адамды құрайды, ал бұл 100 мыңдаған адам өмірін қиды.
Бұдан басқа, сәулеленудің шағын дозасы алшақ әсерлерді тудырады, жеке индивидумда тексеру мүмкін емес, бірақ ұжымдық доза бойынша олардың шығаруын жобалауға болады. Болжамдалған әсерлер ретінде бүгінгі күні қатерлі ісіктер және іштен туа біткен аурулар танылған. Шағын доза иммунитет жүйесіне қысым түсіреді, халықтың сәулеленуге ұшыраған тобының және оның ұрпақтарының иммунитетін азайтуға, барлық патогенді факторлардың әрекет етуіне, ауруға шалдығуына әкеледі. Бұл барлық нозологиялық пішіндер және демографиялық көрсеткіштердің нашарлауы бойынша ауру түрлерінің өсуіне әкеледі.
Шығыс Қазақстан облысының Абай, Абыралы, Бесқарағай және Жаңа семей аудандары тұрғындарында қан аздығы жағдайының жоғары жиілігі белгіленген. Қан аздылыққа көбінесе кішкене сәби балалар, соның ішінде жасы үшке дейінгі сәбилер барынша жиі ұшырайды.
Семей өңірінде жүйкенің тозуы және басқа психикалық ауру түрлерінің жиілігі тым жоғары.
Азғыр кентінің тұрғындары арасында орташа облыстықпен салыстырғанда ауру түрлері жоғары: туберкулез бойынша – 608 есе артық, эндокринді ауру – 19 есе, асқазан жарасы ауруы – 16 есе жоғары. Өмір сүру ұзақтығы өте қысқа, ауру санының жалпы өсімі өршу үстінде.
Осылайша, Қазақстан өз аумағындағы геологиялық құрылыс ерекшеліктерінің күшімен, табиғи уран және көмірсутекті ресурстарымен, сондай ақ бұрынғы КСРО жүйесінде ядролық сынақтарға арналған әскери өнеркәсіптік кешендер мен полигондардың шикізат базасы ретінде әлемдегі бірде бір мемлекет ХХ ғасырдың ұлы жаңалығы – радиоактивтілік қатынасында бай және қайғылы тәжірибе жинақтады. Еліміз аумағының бір бөлігі ластанған табиғи және жасанды радионуклидтер болып табылады.
Бүгінгі күні мемлекет үшін ең басты проблема аумақты ластанған радионуклидтерден сауықтыру және радиоактивті қалдықтарды пайдаға асыру және көму проблемалары болып табылады. Оларды шешу әлемдік қауымдастықтың қатысуынсыз мүмкін емес. Сонымен қатар, Қазақстанда қалыптасып қалған радиоэкологиялық ахуал радиоэкологиялық зерттеулердің кең шеңберін жүргізу үшін және олардың нәтижесін нақты іске асыру үшін бірегей мүмкіндікті ұсынады.
Әдебиеттер тізімі
1. Панин М.С. Экология Казахстана. Семипалатинск, 2005.
2. Казахстан: проблемы экологии и пути их решения. Материалы
междунар. конф. Евразийской МАНЭБ. Астана, 2006-2007.
3. Проблемы загрязнения бывшего Семипалатинского полигона и прилегающих
к нему территорий. Тезисы докладов научно-технических совещаний.
Курчатов: НЯЦ РК, 1996.
Балқаш көлінің проблемасы
Қарағанды мемлекеттік
техникалық университетінің
ӨЭ және Х кафедрасының
доценті, техн.ғыл.кан.