Максимум-критерий
Бұл орын алған өзгерістердің дайын шамасына негізделген қуаттылығы жоғары критерий.
Бұл үшін:
1) таңбаларын ескере отырып бақылау жұптарындағы айырмаларды анықтайды;
2) айырмаларды абсолюттік шамалары бойынша орналастырады;
3) қарама-қарсы бағыттағы өзгерістер шамасына дейінгі таңбалары бірдей алғашқы үлкен айырмалар санын анықтайды.
Бағалау стандарттық мән бойынша жүргізіледі: бірдей таңбалы жұп бақылаулар саны 6-ға тең болса – айырмашылықтың шынайылығы жөнінде 5% қате жіберу мүмкіндігі;
8 жұп бақылаулар - айырмашылықтың шынайылығы жөнінде 1% қате жіберу мүмкіндігі және 11 жұп бақылаулар - 1% -тен қате жіберу мүмкіндігі.
Өттегі билирубиннің антибиотиктер енгізгенге дейінгі және кейінгі мөлшерлері
Науқастар | Билирубиннің мөлшері | Әсердің бағыты | |
Енгізгенге дейін | Енгізгеннен кейін | ||
А | +42 | ||
Б | +18 | ||
В | +50 | ||
Г | +80 | ||
Д | -10 | ||
Е | |||
Ж | +60 | ||
З | +60 | ||
И | -40 | ||
К | +90 |
ЕСЕПТІҢ ШЕШУІ
1. Біздің мысалда абсолюттік шамалары бойынша орналастырылған айырмалар түрі төмендегідей: +90, +80, +60, +60, +50, +42, –40, +18,–10.
2. «+» таңбасымен қатарынан 6 шама «–» таңбасына дейін орналасты.
3. Жоғарыда келтірілген бағалау сипаттамасы бойынша: 95% сенім ықтималдығымен пікір айту үшін бірдей таңбалы 6 шама қажет еді. Біздің мысалда дәл сондай сәйкестікті көріп отырмыз. Демек, антибиотиктер әсерінің тиімділігі жөнінде жасалынған қорытындының дұрыс екендігіне тағы да көз жеткіздік.