TOLEContainer компоненті. OLE технологиясы

Жоғарыда айтылып кеткен тақырыптарда компоненттер панелінің System бетінде орналасқан TOLEContainer компонентін пайдалануға мысал елтірілген болатын. Жалпы, OLE технологиясы офистік қосымшаларда кеңінен пайдаланылады. Мысалы, Word мәтіндік редакторы терезесінде ClipArt –тан сурет кірістіру үшін Вставка-Рисунок-Картинки командасын беру жеткілікті екені белгілі. OLEContainer компоненті арқылы Delphi-мен байланыстырылатын, автоматты түрде жұмыс істейтін қосымшалар жеткілікті. Мұндай тәсіл OLE автоматтандыруы делінеді. Мысалы, OLE автоматтандыруын пайдаланып, Excel-де мынадай есепті шешу керек болсын.

Есеп. Фирма кеңсесінде 1 кеңсе бастығы,2 орынбасар, 3 бөлім бастығы, 15 қызметкер, 4 лаборант, 5 тазалаушы қызмет істейді. Алғашқыда қызметкерлерге берілетін айлық жоспары 281750 т. болып белгіленген. Алатын айлықтары:

Тазалаушы - 3500 т

Қызметкерлер – тазалаушыдан 3 есе артық

Бөлім бастықтары – қызметкерлерден 20%-ке артық

Орынбасарлар - тазалаушыдан 4 есе көп

Кеңсе бастығы – орынбасарларға қарағанда 20% көп алады.

Егер фирма айлық жоспарын 300 000 т. етсе, жоғарыдағы коэфициенттерді өзгертпей, олардың айлығын қалай өзгерту керек ?

1. Жаңа проект ашып, формаға OLEContainer компонентінің орнату. Оны екі рет қайталап шерту.

2. Терезеде List.MicrosoftExcel қатарын таңдап, Ашу түймесін шерту. Delphi терезесінің үстіне MS Excel терезесінің 1-беті көшіріліп қойылады.

  А В С D E F
1 2 Жалақы (түсініктеме) Тазалаушы айлығы Қызмет атауы Айлық Саны Қосындысы
3 4 5 6 7 8 1.D3 1.5.D3 3.D3 1.3.D5 4.D3 1.2.D7 Тазалаушы Лаборант Қызметкер Бөлім бастығы Орынбасар Бастық =1*B3 =1.5*D3 =3*D* =1.3*D5 =4*D3 =1.2*D7 5 4 15 3 2 1 =5*D3 =4*D4 =15*D5 =3*D6 =2*D7 =1*D8
           
        Сумма=  

3. F10 ұяшығын ағымдық етіп, Сервис-Подбор параметра командасын беру.

4. Терезенің Мән өрісіне 300 000 санын, төменгі өріске $B$3 адресін енгізіп, ОК түймесін шерту. Автоматты түрде Айлық кестесі сәйкес түрде өзгертіліп қойылады.

Ескерту. B,D бағандарында енгізілген сандарды ақшалық форматқа ауыстырып қоюға болады. Ол үшін B,D бағандарын таңдау; Формат- Ячейка-Число командасын беріп, Числовые форматы тізімін ашу керек. Тізімнен Денежный қатарын таңдап, Ондық белгілер саны өрісіне 2 санын енгізсе болғаны.

TOLE технологиясын пайдаланып, Delphi арқылы басқа Windows қосымшаларымен де әдеттегідей жұмыс істей беруге болады.

Консольдық қосымша

Delphi-де берілгендерді енгізу мен шығару үшін Турбо Паскальда пайдаланылатын read (оқу) және write (жазу) операторларын пайдалану тәсілі де бар. Оларды пайдаланып құрылатын программалар, осы үшін арналған, MS-DOS операциялық жүйесінде жұмыс істейтін консольдық қосымша терезесіне енгізіледі. Қосымшаны іске қосу тәсілі:

1. File-New Application (Файл-Жаңа қолданба) командасын беру;

2. Көрінген Form1, Unit1.pas терезелерін жабу. Экранда Delphi, Object Inspector терезелері қалады;

3. Project-View Source (Проект-Көріп шығу) командасын беру. Project.dpr тақырыпты терезе ашылады.

4. Терезені тазалау және экранды ақ түсті ету

5. Программа теру. Ол ASCII кодтары қолданылатын Тутбо Паскаль программасындай жұмыс істейді. Программа мәтіні {$APPTYPE CONCOLE} нұсқауынан басталады. Ол консольдық қосымша дайындалатыны жөнінде компилятор нұсқауы.

6. Проектіні сақтап, іске қосу командасын беру. Сұрақ, нәтиже енгізілетін MyProgr тақырыпты терезеге көрінеді. Терезеде көрінген сұраққа жауап енгізілген соң КҚ клавишін басу керек.

Ескерту: Программаға енгізілген параметірсіз readln операторы консольдық терезені экранда ұстап тұрады.

Программа жазыған терезеге қайтіп өту шін көрінген терезені бүктеу жеткілікті.

Программаны дұрыстау. Ерекше жағдайлар

Программа құруда семантикалық (мағыналық), синтаксистік және алгоритмдік қателер жиі кездеседі. Программаны компиляциялау кезінде синтаксистік ателерді компилятор өзі табады да, машина жұмысын тоқтатады. аЛ, 15 орнына 25 енгізілген сияқты қатені компилятор еске алмай, программаның орындалуы аяқталған кезде қате нәтиже шығады. Программада қате жазылған оператор сияқты алгоритмдік қате де программаның орындалу нәтижесін дұрыс көрсетпейтіні сөзсі. Сондықтан программаны құрып болған соң оны мұқият қайта тексеріп шығу керек.

Программаның синтаксистік түрде жазылуы дұрыстығын компилятордың өзі қадағалап отыруы және терезесін экранда көрсету үшін әдетте Delphi орнатылған соң ол күйге келтіріліп қойылады. Оның бірі – Project-Options (Проект-Күйге келтіру) командасын беріп, ашылған терезенің Compiler бетіндегі жалаушаларды орнатып қоя керек.

Ерекше жағдайлар

Программада нольге бөлу және т.с.с. орындалмайтын қате әрекеттердің кездейсоқ енгізілуі де мүмкін. Олар ерекше жағдайлар делінеді. Ерекше жағдайларды өңдеу үшін Delphi-ге тандартты өңдеуіштер класы енгізілген. өңдеуіштер атаулары Е әрпінен басталады:

EzeroDivide – нөлге бөлу;

ElntError – бүтін сандар мен жұмыс кезінде кездесетін қателер;

EconvertError – мәннің типін түрлендіру қатесі, т.б