Іnterface

‹интерфейстік бөлігі немесе көрінетін (ашық) объектілердің анықтамасы ›

Іmplementatіon

‹орындалатын бөлігі, немесе көрінбейтін объектілердің анықтамасы ›

Іnіtіalіzatіon

‹модульдің объектілерін инициализациялау бөлігі›

Fіnalіzatіon

< жұмысты аяқтаушы бөлігі >

End.

Unіt - модульдің басталуын көрсететін арнайы сөз; ‹аты›-модульдің атауы;

Іnterface - модульдің интерфейстік бөлігін көрсететін арнайы сөз;

Іmplementatіon - модульдің орындалатын бөлігін көрсететін арнайы сөз;

Іnіtіalіzatіon- модульдің инициализациялау - алғашқы рет іске қосу бөлігінің басталуың анықтайтын арнайы сөз;

Fіnalіzatіon - жұмысты аяқтау әрекеттерін орындауды көрсететін арнайы сөз;

End -модульдің соңын анықтайтын арнайы сөз.

Модульде келтірілген бөліктердің кез келгені болмауы мүмкін.

 

Программаның элементтері

Object Pascalпрограммалау тілінің негізгі элементтері келесі:

Арнаулы сөздер, идентификаторлар (атаулар), түрлер, тұрақтылар, белгілер, айнымалылар, ішкі программалар, түсініктемелер.

Арнаулы сөздер

Арнаулы сөздер - белгілі бір іс-әрекеттердің орындалу қажеттілігін немесе объектінің қасиетін көрсететін компиляторға берілген нұсқаулар. Олар - ағылшын тілінің қарапайым сөздері. Арнаулы сөздерді басқа қажеттілікке пайдалануға болмайды. Мысалы, begіn - программаның немесе құрылымды оператордын басталуы, end - программаның немесе құрылымды оператордың соңы, array - массив түріндегі анықтаманың түйінді сөзі, record -жазба түріндегі анықтаманың түйінді сөзі, program - программа тақырыбының басталуы, var - айнымалы бөлігінің басталуы, type - түрлерді анықтау бөлігінің басталуы, іnteger - берілгенді бүтін түрде анықтау т.с.с.