Тапсырма

1. Жұқа линзаның формуласының негізінде жинағыш линзаның фокус аралығын анықтаңдар.

2. Бессел тәсілі бойынша жинағыш линзаның фокус аралығын анықтаңдар.

 

 

Өлшеу әдістемесі және техникасы

 

1. Экранды жарық көзінен белгілі бір қашықтықта орналастырыңдар. Экран мен жарық көзінің арасына жинағыш линзаны орналастырыңдар және экранда дененің анық кескіні алынғанға дейін оптикалық үстелше бойымен жайлап жылжытыңдар.

2. Линзаның оптикалық центрінен денеге дейінгі ара қашықтықты а және кескіннен линзаның оптикалық центріне дейінгі ара қашықтықты b өлшеңдер.

3. Экранның тұрған орнын өлшеңдер және тәжірибені қайталаңдар. Экран мен жарық көзінің әр түрлі ара қашықтықтарында тәжірибені үштен кем емес қайталаңдар. Өлшеу нәтижелерін 1 кестеге толтырыңдар.

4. (2) формуланы пайдаланып әрбір өлшеудегі жинағыш линзаның бас фокус аралығын табыңдар және орташа мәнін анықтаңдар. Қателікті бағалаңдар.

 

Кесте 1

а, см b, см f, см , см
       
     
     

 

Бессел тәсілі бойынша жинағыш линзаның бас фокус аралығын анықтау

 

1. Оптикалық үстелшеде экран мен жарық көзінің ара қашықтығы 4f артық болатындай етіп орналастырыңдар (шамамен).

2. Жинағыш линзаны дене мен экран арасында дененің үлкейтілген кескіні алынатындай етіп орналастырыңдар. Оптикалық үстелшеде а1-ге сәйкес линзаның орнын белгілеп жазыңдар.

3. Экран мен жарық көзінің ара қашықтығын өзгертпей, экранда дененің кішірейтілген кескіні алынатындай етіп линзаны жылжытыңдар. Оптикалық үстелшеде а2-ге сәйкес линзаның орнын белгілеп жазыңдар.

4. Линзаның екі жағдайдағы орнының айырымы ретінде l –ді анықтаңдар l = a2 – a1.

5. Экран мен дененің ара қашықтығын өлшеңдер ( 4f –тен кем болмауы тиіс) және тәжірибені қайталаңдар. Тәжірибені үштен кем емес қайталаңдар. Өлшеу нәтижелерін 2 кестеге толтырыңдар.

6. Бессел тәсілі бойынша жинағыш линзаның фокус аралығын есептеңдер және орташа мәнін анықтаңдар. Нәтижесін 2 кестеге жазыңдар. Қателікті бағалаңдар.