Микробиология бойынша тесттер

1.Бактериялық жасуша құрылымына жатады:

A.ЦПМ

B.Капсид

C.Ферменттер

D.Капсомерлер

E.Суперкапсид

2.Иммерсиялық микроскопта қараудың ерекшеліктері:

A.Флуоресцентті бояғыштарды қолдану.

B.Жарық беру көзі ретінде УКС (УФЛ) қолдану.

C.Майлы жүйені пайдаланып жарық сәуле сынық көрсеткішін теңестіру

есебінен микроскоптың үлкейткіш деңгейін жоғарылату.

D. Арнайы сақиналы диафрагмалар жүйесін пайдаланып жарық сауленің

фазалық тербелісін амплитудалық толқын тербелісіне айналдыру.

E.Түнек айдынды жағдайда боялмаған жылжымалы микроорганизмдерді зерделеу.

3.Жасуша қабатының (ЖҚ) қызметі (функциясы) :

A.Гидролаза синтездейді

B. Спора түзуге қатысады

C.Жасуша пішінін сақтайды

D. ДНҚ, ЖҚ және ЦПМ синтездеуге қажетті ферменттер орналасады.

E. Электрондарды тасымалдайды және фосфорилирлену тотықтануға қатысады

4.Талшықтар:

A. К-антигендер

B. Жабысу үшін қажет

C. Түрді сақтау үшін керек

D.Қолайлы жағдайда вегетативті түрге айналады

E.Н- антиген болып табылады, қозғалысын қамтамасыз етеді, ақуыз-флагеллин

5.Стафилококтар жағындыда орналасады:

A. Тізбекше

B. Төртеуден

C. Қосарланып

D.Пакет тәрізді

E.Жүзім шоғыры тәріздес

6.Грам-теріс бактериялардың құрылымы мен химиялық құрамының ерекшеліктері:

A. Пептидогликандық қабаты қалың

B. Сыртқы қабықшасының қуыстары тар

C. Тейхой қышқылы жеткілікті мөлшерде.

D. Рибонуклейн қышқылының магний тұздары бар

E. Тейхой қышқылы және магний рибонуклеаты жоқ,сыртқы қабықшасында

ЛПС бар, пептидогликандық қабаты жұқа және қуыстары кең

7.Прокариоттарға тән қасиет:

A. Гистондар

B. Жасуша қабырғасының стероиды

C. Ядросы арнайы мембранамен қоршалған

D. Хромосомасы көп,митотикалық бөліну типі

E. Бинарлы бөліну типі, азот фиксациялайды, хромосомасы біреу,1-10 мкм

8.Риккетсиялар мен бактерияларға ортақ қасиет:

A.Капсидінің болуы

B.ДНҚ немесе РНҚ-ның болуы

C. Тек қана тірі жасушаларда өсіп өнуі (облигатты паразит)

D.Құрылымдық компоненттерінің (морфологиясының) бактериялар сияқты болуы

E. Талшықтарының болуы

9.Перитрихтар:

A.Бір талшықты ақуызды өсіндіcі болады

B.Бір шетіндегі шоқ талшықты ақуызды өсінділері бар

C. Екі шетінде орналасқан ақуызды өсінділер- талшықтары болады

D.Жасуша айналасында жаппай орналасатын ақуызды өсінділер –талшықтары болады

E. Спорасы бар

10.Приондар (анықтамасы):

A.Вирустың жасушадан тыс тіршілік етуі

B.Өзіндік метаболизмі жоқ облигатты жасушаішілік паразиттер

C.Сыртқы ортаның әсер етуіне төзімді, өте ұсақ жұқпалы ақуыздық

бөлшектер (proteinaceosus intectionus particle)

D.Өсімдіктерде, адамдарда және жануарларда кейбір аурулар қоздыратын

ақуыздық қабатын жоғалтқан РНҚ-ның бос молекулалары.

E. Өз бетінше бөліне алады

11.Вириойдтар (анықтамасы):

A Вирустың жасушадан тыс тіршілік етуі

B.Өзіндік метаболизмі жоқ облигатты жасушаішілік паразиттер

C.Сыртқы ортаның әсер етуіне төзімді өте ұсақ жұқпалы ақуыздық

бөлшектер (proteinaceosus intectionus particle)

D.Өсімдіктерде, адамдарда және жануарларда кейбір аурулар қоздыратын

ақуыздық қабатын жоғалтқан РНҚ-ның бос молекулалары.

E. Тек қана тауық эмбрионында көбейеді

12.Вирион (анықтамасы):

A. Вирустың жасушадан тыс құрылымы

B.Өзіндік метаболизмі жоқ облигатты жасушаішілік паразиттер

C.Сыртқы ортаның әсер етуіне төзімді өте ұсақ жұқпалы ақуыздық

бөлшектер (proteinaceosus intectionus particle).

D.Өсімдіктерде, адамдарда және жануарларда кейбір аурулар қоздыратын

ақуыздық қабатын жоғалтқан РНҚ-ның бос молекулалары

E. Тек қана РНК-лы вирустарда болады

13.Вирустар (анықтамасы):

A.Жасушадан тыс тіршілік ететін микроорганизмдер

B.Өзіндік метаболизмі жоқ облигатты жасушаішілік паразиттер

C.Сыртқы ортаның әсер етуіне төзімді өте ұсақ жұқпалы ақуыздық

бөлшектер (proteinaceosus intectionus particle)

D.Өсімдіктерде, адамдарда және жануарларда кейбір аурулар қоздыратын

ақуыздық қабатын жоғалтқан РНҚ-ның бос молекулалары.

E. РНК-лы және ДНК-лы болады

14.Көгерткіш (гифалық) немесе зең саңырауқұлақтардың морфологиясы:

A.Жалған мицелий түзеді

B. Жалған гифалар түзе алады

C. Жыныстық жолмен көбейеді

D. Жекелеген оваль пішінді жасуша

E. Гифалар түзеді,олар көлденең перде жасап мицелий түзе алады,

жыныссыз жолмен көбейеді

15.Факультативті аэробтар немесе анаэробтар:

A.Тек қана оттегі бар жерде өсіп - өнеді

B.Тек қана оттегі жоқ жағдайда өсіп- өнеді

C.Тіршілік етуі үшін ауа қопасында оттегіні қажет етпейді

D.Ең соңғы акцептор ретінде оттегіні де, бейорганикалық заттектерді де пайдалана алады

E. Судың асқын тотығын пайдаланбайды

16.Аутотрофтар:

A.Көміртегін және азотты бейорганикалық бірлестіктерден

(СО2,NH3 т.б.) сіңіре алатын микроорганизмдер

B.Өлі субстраттардың органикалық заттектерін қажет ететін

гетеротрофты микроорганизмдер.

C.Қоректік көзі ретінде тірі организмнің органикалық

заттектерін пайдаланатын гетеротрофты микроорганизмдер

D. Организмнің жасушасынан тыс жағдайда тіршілік ете

алмайтын микроорганизмдер (вирустар, рикетсиялар,хламидиялар).

E. Тек кана паразитті өмір сүреді

17.Қарапайым қоректік орталар:

A.Көптеген бактерияларды бөліп алу үшін қоданылатын

әмбебап орталар (ЕПА, ЕПС).

B.Химиялық құрамы тұрақты, химиялық заттардан дайындалған

орталар (199-орта, Игл ортасы).

C. Микроорганизмдердің тиісті түрін бөліп алуға пайдаланылатын

орталар (сілтілі агар, пептонды су, Китт-Тароцци ортасы).

D. Ферменттік белсенділігінің сипатына қарай биохимиялық қасиетін

зерттеу үшін және микроорганизмдердің түрін бір-бірінен ажырату үшін

қолданылатын орталар ( Эндо, Плоскирев, орталары, стафитест,энтеротест).

E. Қарапайым орталар бірнеше ингредиенттерден тұрады.

18.Дифференциальды - диагностикалық орталар:

A.Көптеген бактерияларды бөліп алу үшін қоданылатын

әмбебап орталар (ЕПА, ЕПС).

B.Химиялық құрамы тұрақты, химиялық заттардан дайындалған

орталар (199-орта, Игл ортасы).

C.Микроорганизмдердің тиісті түрін бөліп алуға пайдаланылатын

орталар (сілтілі агар, пептонды су, Китт-Тароции ортасы).

D.Ферменттік белсенділігінің сипатына қарай биохимиялық қасиетін

зерттеу үшін және микроорганизмдердің түрін бір-бірінен ажырату үшін

қолданылатын орталар ( Эндо, Плоскирев, орталары, стафитест,энтеротест).

E. Етті пептонды агар

19.Бактериялардың дақылдық қасиеті-ол:

A.Боялу қабілеттілігі

B.Антигендік құрамы

C.Биохимиялық белсенділігі

DҚоректік орталарда өсу сипаты

E.Бактериялық жасушаның пішіні