Паповавирустар

Паповавирустар (папиллома, полиома және вакуольдейтін маймыл вирусы SV-40 – дейтін сөздердің бастапқы бір буынын алып қысқаша аталған) – сыртқы қабықшасы жоқ, ДНҚ-құрамды вирустар. Паповавирустар иесінің қандай жасушаларын зақымдауына байланысты литикалық, латентті және трансформирлеуші инфекциялар қоздырады.

Вирустар таксономиясы бойынша Халықаралық Конгресс (2002 ж.) паповавирустар тұқымдастығын екі тұқымдастыққа бөлуге (Polyomaviridae және Papillomaviridae) шешім қабылдаған.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы : Polyomaviridae

Туыстастығы: Polyomavirus (кең таралған вирустар, адамдарда көбінесе ауру қоздырмайды; патогенділері – ВК-вирус- бүйрек алмастырылған адамның несебінен миынан бөлініп алынған. Simian virus-SV-40 – маймылдар вирусы, адамдар үшін онкогенді емес.

Тұқымдастығы: Papillomaviridae

Туыстастығы: Papillomavirus (сүйел, жатыр мойнының карциномасын және дисплазиясын, қатерлі ісігін қоздырады).

Құрылымы. Polyomaviridae және Papillomaviridae тұқымдастықтарының өкілдері – мөлшері майда (диаметрі 45-50 нм), сыртқы қабаты жоқ (құрамында липидтері болмайтын) ДНҚ-құрамды вирустар. Геномы– ДНҚ-ң екі жіпшелі сақина-типтес (күшті ширатылған – скрученный) молекуласынан тұрады, құрамында гистондар бар. Капсиді – куб симметриялы.

Репродукциялануы және вириондарының құрастырылуы жасуша ядросында атқарылады. Вириондары жасуша бұзылғанда сыртқа шығады.

Резистенттілігі. Вирус 1 сағат 50 ͦС-та ысытқанда тіршілік ету қабілеттілігін сақтайды,эфирдің әсеріне сезімтал емес.