Таксономиясы.

Тұқымдастғы: Bunyaviridae.

Туыстастығы: Hantavirus (Ханта вирусы)

Бұл туыстастыққа жататын вирус өкілі алғашқы рет 1978 жылы кореялық ғалым H.W.Lee және оның әріптестері Корея жарты аралының Хантаан өзені бойындағы кеміргіштердің өкпе тінінен және экскерементінен бөліп алған, осыған орай Ханта вирустар деген атау берілген. Осы туыстастықтың вирустары трансмиссивті емес қызбалар тобына немесе робовирустарға (ағыл: rodent borne viruses-кеміргіштерден туындайтын вирустар) жатады.

Құрылымы.Морфологиялық және биологиялық қасиеттері негізінде жалпы буньявирустар сияқты. Нағыз типті буньявирустарға қарағанда БСГҚ вирусы мөлшерінің (90-125) едәуір гетерогенділігімен және ішкі қуысында ретсіз орналасқан гранулалы-филаментозды құрылымдар болуымен ерекшеленеді.

Эпидемиялогиясы.Бүйрек синдромы геморрагиялық қызбалар орманды аудандарда кең таралған. Табиғатта вирустың негізгі резервуары – тышқан тәріздес кеміргіштер, және де синантропты егеуқуйрықтар (мақталы жердің). Кеміргіштер бұл инфекция қоздырғышын қоршаған ортаға нәжісімен, несебімен және сілекейімен бөліп шығарады. Адамдарға негізгі жуғу механизмі– аэрогенді, яғни ауалы- шаңды жолмен беріледі. Кеміргіштердің бөлінділерімен инфицирленген тағамдық өнімдерді пайдаланғанда алиментарлық, яғни фекальды-оралды жолмен немесе тамақтанған кезде ластанған қолмен тұрмыстық– жанасу арқылы да жұғуы мүмкін, және де кеміргіштер тістегенде немесе олардың соны (свежие) бөлінділері тері сызаттарына түскен кезде де вирус жұғуы ықтимал .

Патогенезі, клиникалық көріністері.Аурудың патогенезінде Т– супрессолардың зақымдануы және В– лимфоциттердің поликлональды белсенділігінің артуы маңызды рөл атқарады. Инфекциондық иммундық кешендер пайда болады, олар бүйректің шумақша және ирекше түтікшелерінде шоғырланып, олардың қызметіне зақым келтіреді. Вирус өкпенің, бүйректің, көкбауырдың және тамырлардың эндотелиясында репродукцияланады.

БСГҚ кезінде жасырын кезеңі- 7-45 тәулік . Ауру жедел басталады: дене температурасы өте жоғары (39-400С), миалгия, шырышты қабаттардың, көз алмасы қабығының гиперемиясы. 3-4 тәуліктен кейін интоксикациялық құбылыстар (қайта – қайта құсу) және геморрагиялық синдромдар (дақты– папулезді бөртпелер, ішкі ағзаларда қан кету) қосылады. Бір мезгілде олигоурия, ауыр жағдайда– анурия дамиды. Ауру болжамы көбінесе қолайлы. Өлім туғызушылық 2-5% құрайды.

Иммунитеті . Ауырып тұрғаннан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады, оларда протективті антиденелер 25 жылға дейін сақталады.

Микробиологиялық диагноз қою.– Қырым геморрагиялық қызбасы кезіндегідей.

Емдеуі. Симптоматикалық және антивирустық препараттармен қатар спецификалық иммундыглобулин қолданылады.

Алдын алуы. Аса қауыпты инфекциялар кезіндегідей сақтану шаралары қолданылады. Спецификалық профилактика мақсатында БСГҚ– ға қарсы өлі вакцина (Ресей) пайдалынады.

17.2. ДНҚ –вирустар