Марбург ауруы

Алғашқы рет бұл ауру 1967 жылы Марбург және Белград қалаларында тіркелген. Кейіннен осындай инфекция Оңтүстік Африка Республикасында және Кенияда байқалған.

Жасырын кезеңінің ұзақтығы – 1-9 тәулік. Ауру жедел түрде басталады: дене қызбасы 38-40°С-қа дейін көтеріледі, бұлшықеттері, басы ауырады, экзантемалар, конъюнктивит дамиды. Негізгі көріністері кеселдің 5-7 тәулігінде басталады: генерализацияланған ауқымды қан құйылулар, қанды қақырық тастау, қанды диарея, протеинурия, жүрек зақымдануы. Пациентте үдемелі шок дамуы нәтижесінде өліммен аяқталады. Өлім-жітім (летальность) 30%-дан 90%-ға дейінгі деңгейде (орта есеппен – 50%) тіркеледі.

17.1.11.2. Эбола қызбасы

Бұл індеттің алғашқы бұрқетпесі 1976 жылы Эбола (Заир) деген жерде, содан кейін Оңтүстік Судан, Заир, Кения және Габонда (1996 ж.) тіркелген. Эбола қызбасының жекеленген оқиғалары кейбір жанұяларда, ауру жұққан адамдар келіп түскен емдеу мекемелерінде, приматтарды зерттейтін ғылыми орталықтардың қызметкерлерінде тіркелген.

Жасырын кезеңінің ұзақтығы – 2-21 тәулік. Инфекция көзі – ауру адам. Вирус жанасу (контакт) және алиментарлы жолмен, және де парэнтеральды жолмен (ауырған адамның қанымен) жұғады.

Ауру жедел басталады: дене қызбасы тез көтеріледі, қалтырайды, басы, бұлшықеттері және іші ауырады. Содан кейін петехиальды бөртпелер шығу және тоқтаусыз қанды іш өтуі дами бастайды. Үдемелі шок пайда болуы нәтижесінде пациент өлімге душар болады. Өлім-жітім 90%-ға жетеді.

Иммунитеті– осы күнге дейін толық зерттелмеген.

Микробиологиялық диагноз қою.Филовирустар қоздыратын аурулар кезінде келесі заттар зерттеуге алынады: қан, геморрагиялық экссудат, несеп. Вирусты бөліп алу – маймылдардан алынған жасуша дақылдарына жұқтыру– БН, КБР, ИФТ. Серологиялық диагноз қою– КБР, БР. Жедел диагнозқою – РИФ.

Емдеуі– симптоматикалық емдеу шараларымен қатар арнайы препараттар қолданылады: ауырып тұрғаннан кейінгі адамдардың қан плазмасын құю, спецификалық гаммаглобулин, интерферон.

Алдын алуы.Медициналық жалпы сақтану шараларын бұлжытпайорындау. Спецификалық профилактикасы жоқ.

Буньявирустар

Буньявирустар- инфекцияның симптомсыз түрінен геморагиялық қызбалар, бүйрек зақымдануын, энцефалит қоздыруға дейін себепкер болатын РНҚ-геномды вирустар.