Реовирустар

Реовирустар-тыныс алу және ішек жолдары арқылы,кейде трансмиссивті тәсілмен жұғатын,сыртқы қабаты жоқ,екі жіпшелі фрагменттелген РНҚ-құрамды вирустар тұқымдастығына жатады.

Тұқымдастығы терминін бірінші рет А.Сэбин(1959 ж.) адамдардан бөлінген бір топ вирустарды атау үшін ұсынған.Оларды алғашқыда ЕСНО-вирустардың 10-типіне жатқызып келген болатын.Реовирус-ағылшынша respiratory enteric orphan virus-деген сөздердің бастапқы әріптерінен тұрады, қазақша –респираторлық энитериттік жетім вирус –деген мағына береді.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Reoviridae

Туыстастығы: Orthoreovirus-адамдар мен сүтқоректілердің ортореовирустары.

Orbivirus-қойлардың көгерген тіл вирусы,кемерово вирусы.

Сoltivirus-колорадалық дене қызбасының вирусы.

Rotavirus-адамдар мен маймылдардың ротовирустары және т.б.

Бұл тұқымдастықтың көптеген өкілдері табиғатта кең таралған.Олар сүтқоректілермен қатар құстарды,жәндіктерді және өсімдіктерді де зақымдайды.Адамдарға патогенді реовирустар 3 туыстастыққа жатады-меншікті реовирустар,ротавирустар,орбивирустар. Олар вирионының құрылымы бойынша бір тұқымдастыққа топтастырылған.Вирондары екі жіпшелі фрагменттелген РНҚ-нан.екі қабатты (сыртқы және ішкі) капсидтен және РНҚ-мен байланысқан вирус-спецификалық транскриптазадан тұрады.