Таксономиясы.

Тұқымдастығы: жоқ.

Туыстастығы: Hepatitic E-like virus

Түрі: HEV

Соңғы кездегі классификация бойынша (2002 ж.) Е гепатит вирусын «Hepatitic E-like virus» туыстастығына жатқызу ұсынылған.

Құрылымы. Вирионының сыртқы қабықшасы жоқ, сфера пішінді, капсиди икосаэдр типтес, диаметрі 27 – 34 нм. Геномы сигменттелмеген біржәпшелі РНҚ – нан тұрады, ол РНҚ тәуелді РНҚ – полимеразаны, протеазаны және вирустың жасушаға енуін қамтамасыз ететін трансмембраналық ақуызды кодтайды.

Эпидемиологиясы, клиникалық көріністері.ЕГВ эндемиялық бұрқетпелер қоздырады. Инфекция көзі – ауру адам. Негізінен ластанған су арқылы беріледі. Жасырын кезеңі 2 -6 аптадан аспайды. Дәл диагноз қоюға мүмкіндік беретін клиникалық симптомдар байқалмайды: жалпы мазасыздану сирек жағдайда дене сарғаюы болады. Болжамы – көбінесе қолайлы. Жүкті әйелдерде (әсіресе III триместрде) кесел асқынып, өлімге әкелуі мүмкін. Процестің созылмалы түрге айналуы байқалмаған.

Иммунитеті. Ауырып тұрғаннан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.

Микробиологиялық диагноз қою.Негізгі зерттелетін материал – науқастың қаны мен қ н сарысуы. Вирустың репликациялануын көрсететін маркерлер – Е гепатит вирусына қарсы пайда болған антиденелер және вирустық РНҚ. Вируспен инфицирленгеннен кейін 10 -12 тәуліктен бастап ИФТ әдісімен вирус – спецификалық иммундыглобулиндерді анықтайды. Олардың диагностикалық титры 1-2 ай бойы сақталады. ЕГВ –ның антигендеріне қарсы G класына жататын антиденелер науқас ауырып тұрғаннан кейін 1 айдан соң табыла бастайды. Вирустың РНҚ – н ПТР және молекулалық гибридизациялау әдістерімен (инфицирленгеннен кейінгі алғашқы тәуліктен бастап) анықтайды, бірақ оларды сарғаю кезеңінде табу мүмкін емес.

Емдеуі – симптоматикалық. Жүкті әйелдерге спецификалық иммундыглобулин енгізу үсынылады.

Алдын алуы. Жалпы медициналық сақтану шаралары жүргізіледі: санитарлық – гигиеналық жағдайларды жақсарту, сапалы сумен қамтамасыз ету және т.б. Спецификалық профилактика мақсатында бүтінверионды өлі вакцина жасалған. Рекомбинантты және тірі вакциналар жасау үшін зерттеулер жүргізіліп жатыр.