Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Flaviviridaе

Туыстастығы: Flavivirus

Құрылымыжәне басқа қасиеттері жалпы флавивирустардың негізгі биологиялық қасиеттеріндей.

Эпидемиологиясы.Бұл инфекция Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, Ресейдің Қиыр Шығысындағы теңіз жағалауларының тұрғындарында тіркелген. Жазғы кезеңде (маусым-тамыз) маусымдылығы басым.

Вирус резервуары – жабайы құстар, кеміргіштер, ірі қара мал, жылқылар, шошқалар. Тасымалдаушылары- Culex туыстастығына жататын масалар. Жаппай індет кезінде адамнан адамға маса шаққанда трансмиссивті жолмен жұғуы мүмкін.

Патогенезі.Жапон энцефалитінің патогенетикалық ерекшелігі – микроциркуляцияның өте айқын бұзылыстарының нәтижесінде тамыр жүйесінің едәуір зақымдануы. Вирустың нейротроптылығы бар, гематоэнцефалиялық тосқауылдан (барьерден) өтіп кете алады. ОЖЖ – нің нейрондарында көбейеді, нәтижесінде оларда дегенерация тудырып бұзылысқа ұшыратады. Негізінде гипоталамус аймағындағы жасуша ядролары, кейбір ми қыртысы-асты құрылымдар, жұлын миының бағаналы және мойын бөлімінің қозғалтқыш нейрондары зақымданады. Вирус ОЖЖ-нің жасушаларынан басқа жерлерде де көбейеді – лимфоциттерде, паренхиматозды ағзалардың (бауыр, көкбауыр, сүйек кемігі) жасушаларында.

Клиникалық көріністері.Жасырын кезеңі 8-ден 14 күнге дейін. Жапондық энцефалит – инфекцияның симптомсыз түрінен ауыр энцефалит және менингоэнцефалит түріне дейін көрініс береді. Энцефалиттік түрі жоғарғы өлім туғызушылығымен сипатталады (90%).

Иммунитеті.Ауырып тұрғаннан кейін ұзаққа созылатын (өмірбақилық) кернеулі иммунитет қалыптасады.

Емдеуі.Симптоматикалық емдеу шараларымен қатар жапондық энцефалитке қарсы гетерогенді иммундыглобулин қолданылады. Препарат аурудың әрі қарай дамуын тоқтатады, бірақ пайда болған салдықтан (паралич) толық жаза алмайды.

Алдын алуы.Жалпы медициналық бейспецификалық сақтану шаралары және спецификалық профилактика мақсатында инактивацияланған және тірі вакциналар қолданылады.

 

17.1.3.4. Омбылық геморрагиялық қызба (ОГҚ)

Омбылық геморрагиялық қызба – организмнің жалпы улануымен, геморрагиялық диатезбен және дене қызбасымен сипатталатын жедел вирустық инфекция.Вирусты 1944 жылы М. Чумаков ашқан.