Бауыр циррозы

84. Бауыр цирроздарына тән:1) бауырдың қалыпты құрылымының қайта құрылуы; 2) бауырдың бөліктік құрылысының сақталуы; 3) бауыр паренхимасының қанмен қамтамасыз етілуінің күшеюі; 4) порталды жолдар фиброзының болмауы; 5) коллагенді талшықтады синтездеуге мүмкіншіліктің болмауы.

85. Бауыр цирроздарына тән:1) бауырдың қалыпты құрылымының сақталуы; 2) құрылымды-ақаулық регенераторлы түйіндердің түзілуі; 3) бауыр паренхимасының қанмен қамтамасыз етілуінің күшеюі; 4) порталды жолдар фиброзының болмауы; 5) коллагенді талшықтарды синтездеуге мүмкіншіліктің болмауы.

86. Бауыр цирроздары дамуының ең жиі себебі:1) емдік дәрілер мен улы заттар; 2) темір мен мырыш алмасуының бұзылысы; 3) АІЖ аурулары; 4) вирустар мен алкоголь; 5) өт жолдарының аурулары.

87 . Бауырдың криптогенді цирроздары сипатталады:1) бауырдың вирусты зақымдалуымен; 2) бауырдың алкогольді зақымдалуымен; 3) бауырдың уытты зақымдалуымен; 4) бауырдың аутоиммунды зақымдалуымен; 5) шығу тегі белгісіз.

88. Бауыр цирроздарының патогенезіндегі бастапқы кезеңі:1) гепатоциттер некрозы; 2) гепатоциттер дистрофиясы; 3) гепатоциттер қабынуы; 4) гепатоциттер дегенерациясы; 5) гепатоциттердің ісіктік трансформациясы.

89. Бауыр цирроздарында кезекті некроздардың түзілуі осыған байланысты:1) бауыр жасушалары регенерациясының күшеюімен; 2) жалған бөліктердің пайда болуымен; 3) перицеллюлярлы фиброздың түзілуімен; 4) интакті гепатоциттерге зақымдаушы әсер ететін дәнекер тінінің белсенісіне; 5) дәнекер-тінді септалардың қалыптасуымен.

90. Бауыр циррозы кезіндегі жасушалар регенерациясының күшеюі осыған әкеледі:1) қабынудың тежелуіне; 2) гепатоциттер некрозының тежелуіне; 3) жалған бөліктердің түзілуіне; 4) құрылымды-ақаулық регенераторлы түйіндер түзілуінің азаюына; 5) қақпа венасы жүйесінде қысымның төмендеуіне.

91. Бауырдың цирротикалық қайта құрылуы осыған байланысты:1) ағза паренхимасын қанмен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі мен қосылыстар арқылы қанды тамырластыруға; 2) бауырдың нейро-эндокринді реттелуінің бұзылысына; 3) бауыр іші және бауырдан тыс өт жолдарындағы іркілулік құбылыстарға; 4) бауыр қабынуының төмен фибропластикалық белсенісіне; 5) бауыр тінінде жоғары сезімталдықтың баяу түрінің дамуына.

92. Бауыр циррозы кезіндегі қабынудың ерекшелігі:1) жоғары фибропластикалық белсеніс; 2) жасушалар жіктелуіне жоғары қабілеттілік; 3) жасушалардың төмен пролиферативті белсенісі; 4) альтеративті және пролиферативтіден экссудативті механизмдердің үстем болуы; 5) пролиферация үрдісінен регенерация үрдісінің басым болуы.

93. Бауыр циррозына тән шеңбер:1) аутоиммунды үрдіс ® нысана-жасушалардың зақымдалуы ® аутоиммунды үрдіс; 2) гепатоциттердің зақымдалуы®баяу дамитын жоғары сезімталдық® гепатоциттердің зақымдалуы; 3) некроз®қабыну®неофибриллогенез®гепатоциттердің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылысы®некроз; 4) некроз®мезенхима белсенісін басу®жалған бөлшектердің түзілуі®веналық тамырлардың қысылуы®некроз; 5) қабыну®аллергиялық серпілістің иммунокомплексті түрі®гепатоциттердің зақымдалуы®қабыну.

94. Ұсақ түйінді цирроз жиі болады:1) алкогольді себепті; 2) вирусты себепті; 3) уыттық себепті; 4) дәрілік себепті; 5) бактериалды себепті.

95. Ірі түйінді цирроз жиі болады:1) алкогольді себепті; 2) вирусты себепті; 3) уыттық себепті; 4) аутоиммунды аурулар негізінде; 5) жалпы зат алмасу бұзылыстары негізінде.

96. Ірі түйінді цирроз ағымында осы көріністер басым:1) портальді гипертензия; 2) некроз нәтижесінде гепатоциттердің қызметтік бұзылысы; 3) бауырішілік холестаз; 4) бауырдан тыс холестаз; 5) холемиялық синдром.

97. Біріншілікті билиарлы цирроз негізінде жатыр:1) бауырішілік холестаз; 2) бауырдан тыс холестаз; 3) портальді гипертензия; 4) гепатоциттердің қызметтік бұзылысы; 5) спленомегалия.

98. Екіншілікті билиарлы цирроз негізінде жатыр:1) бауырішілік холестаз; 2) бауырдан тыс холестаз; 3) портальді гипертензия; 4) гепатоциттердің қызметтік бұзылысы; 5) спленомегалия.

Тақырыбы қан түзу жүйесі модулі

Тақырыбы: Анемиялық синдромның этиологиясы мен патогенезі.