Глоссарий
Гипохилия /гр. hypo- аз, төмен+chylos- сөл/-iшекке өттiң аз түсуi
Ахолия/гр. a- жоқ, жоққа шығару+chole- өт/-iшекке өттiң мүлдем түспеуi
Стеаторея/гр. stear, atos- май+ rhoe- ағу/-нәжiсте майдың көп мөлшерде болуы
Креаторея /rhoe- ағу/-нәжiсте белоктың /ақуыздың/ көп болуы
Амилорея /гр. amulum- крахмал+ rhoe- ағу/-нәжiсте көмiрсулардың көп болуы
Iш қату /лат. obstipatio/- тамақтық ботқаның iшек бойы өтуiнiң тежелуi және перистальтиканың баяулауы.
Диарея /гр. diarrhoia- өту/-iш өтуi, перистальтика күшейгеннен тамақтық ботқаның iшек бойы жүруiнiң тездетуi
Диспепсия /гр. dys- бұзылу+ pepsis- ас қорыту/-сатқақтану, iшек-қарын қызметтерiнiң бұзылыстары
Мальабсорбция синдромы /фр. mal- ауру/-iшектерде бiр немесе бiрнеше қоректi заттардың сiңуiнiң бұзылуымен жүретiн белгiлердiң жиынтығы.
Iшек бiтелiсi /ileus- бұрау, бiтеу/-механикалық кедергi немесе оның қызметiнiң бұзылуы нәтижесiнде болатын iшек өткiзгiштiгiнiң бұзылуы.
Метеоризм /гр. meteorismos- желдену, үрлену/-iшектерде газдың жиналуына байланысты iштiң үлкею.
Тақырыбы: Бауыр патофизиологиясы
Глоссарий
Сарғаю(icterus)- қанда билирубин мөлшері жоғарлағанда дамитын және тері, кілегейлі қабаттың сарғаюымен сипатталатын белгілердің жиынтығы.
Жильбер синдромы- даму негізінде тура емес билирубинді қаннан қармап алып бауыр жасушаларына тасымалдауға жауапты ферменттердің түзілуінің генетикалық ақауы жататын бауырлық сарғаюдың энзимопатиялық түрі.
Криглер- Найяр синдромы- глюкоронилтрансферазаның тапшылығынан дамитын бауырлық сарғаюдың энзимопатиялық түрі.
Дабин- Джонсон синдромы- бауыр жасушасының мембранасы арқылы өт капиллярларына билирубиндиглюкуронидтың экскрециясына қатысатын ферменттердің ақауынан дамитын бауырлық сарғаюдың энзимопатиялық түрі.
¤т жолдарының дискенезиялары(dys- бұзылу, cinesis- қимыл)- бауырдан тыс орналасқан өт жолдарының және өт қабының қимылдық әрекеттерінің қызметтік бұзылыстары.
Холангит (ангиохолит)- бауырдан тыс және бауырішілік өт жолдарының қабынуы.
Холестаз(chole- өт + stasis- тоқтап қалу)- өт жолдарында өттің тұрып қалуы.
Гепатит – бауырдың қабынулық үрдіспен зақымдалуы..
Бауыр циррозы– бауыр жасушаларының дистрофиясымен, бауыр тінінің түйінді регенерациясымен, дәнекер тінінің өсуімен, бауыр құрылымының және тамыр жүйесінің диффузды қайта құрылуымен сипатталатын созылмалы ауру.
Гликогеноз - энзимдердің тұқымқуалайтын ақауларынан бауырда гликогеннің көп мөлшерінің жиналуы және дәнекер тінінің өсуі.
Бауырлық кома – бауырдағы терең, ауыр қызметтік жеткіліксіздіктен дамитын ОЖЖ-дегі уыттық зақымдалудың организм тіршілік еуінің бұзылуымен ,ес жоғалтумен, тырысулармен, терең жүйке-психикалық бұзылыстармен жүретін көрініс.
Холемия синдромы - өт қышқылдарының рецепторларға және кезбе жүйкесіне, жүректің синусты түйініне, қан тамырларына әсер етуінен дамиды және брадикардиямен, гипотониямен, тері қышуымен, геморрагиялармен, күндіз ұйқысұрауымен, ал түнде ұйқыдан айырылумен, бас ауруымен, тез шаршаумен сипатталады.
Холалемия - өт қышқылдарының қанда болуы.
Холалурия – зәрмен тура билирубин мен өт қышқылдарының шығарылуы.
Гипербилирубинемия – тура билирубиннің 20,5 мкмоль / л ден көп жоғарылауы
Ахолия – ішекке өттің түспеуі.
Гипохолия - өттің ішекке түсуінің азаюы.
Гиперхолия – нәжіспен стеркобилин мен уробилиннің көп шығарылуы.
Дисхолия - өтте литогендік қасиеттер пайда болып, оның өт қапшығында, өт жолдарында тастар пайда болуын шақырып, өт-тас ауруына келтіретін жағдай.
Портальді гипертензия синдромы – циррозда, тромбозда, жүректің оң жақ қарыншалық жекіліксіздігіндегі қанның іркілуі кезінде дамитын қақпалық вена жүйесіндегі қарсыласудың өсуі.