Тесттік тапсырмалар
Жүйке жүйесінің қозғалыстық қызметінің бұзылыстары
1. Қозғалыстық анализаторға кіреді: а) жұлынталамды жол; б) пирамидалық жолдар; в) Голл және Бурдах шоғыры; г) жұлын миының алдыңғы мүйіздерінің нейрондары; д) жұлын миының артқы мүйіздерінің нейрондары:1) а,б,д; 2) а,в,г; 3) б,г; 4) б,д; 5) в,г.
2. Қозғалыстық анализатор бас миы қыртысының осы бөлімінде орналасқан:1) маңдай бөлімі; 2) желке бөлімі; 3) шеке бөлімі; 4) артқы орталық иірімде; 5) таламуста.
3.Жүйке жүйесінің қозғалыстық қызметі бұзылуынан дамитын қозғалыстың жоғалуы аталады:1) сал; 2) парез; 3) миастения; 4) миотония; 5) гиперестезия.
4. Жүйке жүйесінің қозғалыстық қызметі бұзылуынан дамитын қозғалыстың әлсіреуі аталады:1) парез; 2) сал; 3) миотония; 4) миастения; 5) тетраплегия.
5.Дененің бір жақ бұлшықеттерінің салдануы аталады:1) гемиплегия; 2) параплегия; 3) тетраплегия; 4) парез; 5) гипокинезия.
6.Жоғарғы немесе төменгі екі аяқ-қолдардың салдануы аталады:1) параплегия; 2) гемиплегия; 3) тетраплегия; 4) парез; 5) гиподинамия.
7. Аяқ-қолдардың түгелімен салдануының аталуы:1) тетраплегия; 2) параплегия; 3) гемиплегия; 4) парез; 5) гипостезия.
8.Сопақша ми зақымдалғанда дамиды:1) бульбарлы сал; 2) фантомды ауыру; 3) децеребрациялық сіреспе; 4) атетоз; 5) парастезия.
9.Зақымдалған бұлшықеттер тонусы төмендейді:1) орталық сал кезінде; 2) шеткері салда; 3) вазоспастикалық салда; 4) вазодилятациялық салда; 5) атетозда.
10.Рефлекстердің жоғалуы байқалады:1) шеткері салда; 2) орталық сал кезінде; 3) рефлекторлық салда; 4) парез кезінде; 5) гиперестезияда.
11.Бұлшықеттер атрофиясы байқалады:1) орталық сал кезінде; 2) шеткері салда; 3) рефлекторлық салда; 4) парез кезінде; 5) парестезияда.
12.Бос сал кезінде зақымдалған бұлшықеттер тонусы:1) жоғарылайды; 2) төмендейді; 3) өзгермейді; 4) шамалы жоғарылайды; 5) қалпына келеді.
13. Бос сал осылар зақымданғанда дамиды:1) орталық мотонейрондар; 2) шеткері мотонейрондар; 3) бас миы қыртысының самай аймағы; 4) қызыл ядро; 5) бас ми қыртысы.
14. Зақымдалған бұлшықеттер тонусы жоғарылайды:1) орталық сал кезінде; 2) шеткері салда; 3) рефлекторлық салда; 4) истериялық салда; 5) парезде.
15.Рефлекстердің күшеюі тән:1) орталық салда; 2) шеткері салда; 3) рефлекторлық салда; 4) парез кезінде; 5) атония кезінде.
16. Нейромедиаторлар мен фармакологиялық дәрілерге зақымдалған бұлшықет сезімталдығының күшеюі байқалады :1) орталық сал кезінде; 2) шеткері салда; 3) рефлекторлық салда; 4) истериялық салда; 5) бұлшықеттер атониясында.
17. Спастикалық сал осылар зақымданғанда дамиды: 1) қозғалу жолының орталық нейроны; 2) омыртқа жотасының бел бөлімі; 3) омыртқа жотасының мойын бөлімі; 4) бас ми қыртысының шүйде аймағы; 5) жүйкелердің шеткі өсінділері.
18. Спастикалық салда байқалады:1) зақымдалған бұлшықеттер тонусының жоғарылауы; 2) зақымдалған бұлшықеттер тонусының төмендеуі; 3) бұлшықеттер тонусы қалыпты; 4) бұлшықеттердің жеңіл парезі; 5) бұлшықеттер фибрилляциясы.
19.Децеребрациялық сіреспе дамиды:1) жұлын миының артқы түбіршіктері зақымдалғанда; 2) мишық бұзылысында; 3) орталық ми жабындысының жоғарғы және төменгі төмпешіктері арасындағы миды кескенде; 4) пирамидалық жүйе зақымдалғанда; 5) декортикацияда(мүшенің сыртқы қыртысын сылып тастау).
20. Децеребрациялық сіреспе жағдайы осылар жарақаттанғанда дамиды :1) мишық; 2) орталық ми; 3) жұлын миы; 4) үлкен жартышарлар қыртысы; 5) лимбикалық құрылымдар.
21. Децеребрациялық сіреспеде осылардың тонусы кенеттен жоғарылайды :1) жазушы бұлшықеттер; 2) мимикалық бұлшықеттер; 3) бүгуші бұлшықеттер; 4) әкетуші бұлшықеттер; 5) әкелуші бұлшықеттер.
22.Жұлын миы қызметінің бұзылысымен байланысты қозғалыстың өзгеруі: а) децеребрациялық сіреспе; б) эпилепсия; в) астазия; г) атаксия; д) асинергия; е) жұлындық шок:1) а,б,г,д,е; 2) а,в,д; 3) б,в,г,д; 4) б,в; 5) е.
23.Жұлындық шок дамиды :1) жұлын миының мотонейрондары зақымдалғанда; 2) жұлын ганглиі бұзылысында; 3) орталық ми жабындысының жоғарғы және төменгі төмпешіктері арасындағы миды кескенде; 4) жұлын миын кескенде; 5) декортикацияда(мүшенің сыртқы қыртысын сылып тастау).
24. Жұлындық шокқа тән: а) рефлекстердің қайтымсыз жоғалуы; б) рефлекстердің қайтымды жоғалуы; в) мидың үзілісі жоғары жерінен рефлекстердің бұзылысы; г) бас миы жағынан белсендіруші әсерлердің қажеттілігі; д) бас миы жағынан тежеуші әсерлердің белсенуі:1) а,б,в,д; 2) а, в, г, д; 3) б,в, г, д; 4) б, г; 5) в, д.
25. Мишық қызметінің бұзылысымен байланысты қозғалыстың өзгеруі: а) децеребрациялық сіреспе; б) эпилепсия; в) астазия; г) атаксия; д) асинергия ; е) астения:1) а,б,г,д,е; 2) а,в,д; 3) б,в,г,д; 4) б, в, е; 5) в, г, д, е.
26.Бұлшықет тонусының төмендеуі аталады:1) атония; 2) асинергия; 3) астазия; 4) атаксия; 5) анестезия.
27.Аяқ-қолдар мен дененің әрдайым қалтырап және тербелуі аталады:1) астазия; 2) атаксия; 3) эпилепсия тәрізді тырысулар; 4) дисметрия; 5) дистония.
28.Қимыл үйлесімділігінің бұзылуы аталады:1) атаксия; 2) астазия; 3) асинергия; 4) амблиопия; 5) анестезия.
29.Қозғалыстағы бір қалыптылық, күш пен ептілікті жоғалту аталады:1) асинергия; 2) астазия; 3) атаксия; 4) астения; 5) аграфия.
30.Жеңіл бұлшықеттік қажу аталады:1 атония; 2) астения; 3) амблиопия; 4) астазия; 5) парез.
31.Осылар зақымданғанда астения байқалады:1) мишық; 2) пирамидтік жолдар; 3) Форел қиылысы; 4) қабық; 5) шеткері жүйке рецепторлары.
32. Пирамидтік және экстрапирамидтік жүйелер қызметі бұзылыстарымен байланысты қозғалыстың өзгеруі: а) гипокинезия; б) гиперкинезия; в) астазия; г) атаксия; д) Паркинсон ауруы; е) парестезия:1) а, б, в, д; 2) а,б,г,е; 3) а, б, д; 4) в, г, д; 5) г, д, е.
33.Қозғалыстың епсіздігі,бір түрлілігі,тұсалып қалуы аталады:1) гипокинезия; 2) акинезия; 3) амблиопия; 4) хорея; 5) атетоз.
34.Гипокинезияға жатады: а) клоникалық тырысулар; б) парездер; в) гемиплегия; г) салданулар; д) хорея:1) а,б,в; 2) а,г,д; 3) б,в,г; 4) в,д; 5) г,д.
35.Күрделі қозғалыс әрекеті кезіндегі көмекші қимылдардың күшеюі аталады:1) гипокинезия; 2) акинезия; 3) гиперкинезия; 4) тырысулар; 5) астазия.
36.Қара субстанцияның қызметі бұзылғанда пайда болуы мүмкін:1) Паркинсон ауруы; 2) Вильсон-Коновалов; 3) Альцгеймер ауруы; 4) хорея; 5) фантомдық ауыру.
37.Паркинсон аруруына тән:1) бұлшықет тонусының төмендеуі; 2) аяқ-қолдар мен дененің дірілі(тремор); 3) клоникалық тырысулар; 4) эпилепсия тәрізді талмалар; 5) бұлшыеттер атрофиясы.
38.Бұлшықеттің тонусының өзгерісімен жүретін оның еріксіз жиырылуы аталады:1) тырысулар; 2) миотония; 3) миастения; 4) миоз; 5) гипокинез.
39.Клоникалық тырысулар дегеніміз:1) бұлшықеттердің бір немесе басқа тобының жылдам жиырылуы мен босаңсуының алмасуы; 2) бұлшықеттердің ширығуының өсуімен қатар жүретін олардың ұзақ жиырылуы; 3) сөйлесу бұлшықеттерінің тырысуы; 4) бет бұлшықеттерінің тырысуы; 5) бұлшықеттердің фибриллярлық жиырылуы.
40.Бас миы қыртысының моторлық аймағының зақымдануына тән:1) клоникалық тырысу; 2) тоникалық тырысу; 3) хорея; 4) тремор; 5) снесетивті атаксия.
41. Тоникалық тырысулар дегеніміз:1) бұлшықеттердің бір немесе басқа тобының жылдам жиырылуы мен босаңсуының алмасуы; 2) бұлшықеттердің ширығуының өсуімен қатар жүретін олардың ұзақ жиырылуы; 3) аяқ бұлшықеттерінің тырысуы; 4) бет бұлшықеттерінің тырысуы; 5) бұлшықеттердің фибрилляциясы.
42.Моторлық анализиатордың қыртыс асты орталықтарының зақымдануына тән:1) клоникалық тырысу; 2) тоникалық тырысу; 3) хорея; 4) тремор; 5) снесетивті атаксия.
43.Эпилепсия кезінде алдыменен дамиды:1) қозғалыстық бұзылыстар; 2) салданулар; 3) сезімталдықтың барлық түрлерінің бұзылысы; 4) жоғарғы жүйке қызметі бұзылысы; 5) психоздар.
Сенсорлық бұзылыстар .Ауырсыну сезімі.
44. Жүйке жүйесінің сезімтал жолының қыртысы аймағы болып табылады:1) маңдай бөлімі; 2) шүйделік бөлім; 3) шеке бөлімі мен арқы орталық иірім; 4) таламус пен солғын шар; 5) гипофиз бен гипоталамус.
45. Беткейлік сезімталдыққа толық немесе жартылай жатады: а) проприоцептивті; б) ауырсынулық; в) температуралық;г) вибрациялық; д) тактильді:1) а,б,д; 2) а,в,г; 3) б,в,д; 4) в,г,д; 5) г,д.
46. Терең сезімталдыққа толық немесе жартылай жатады: а) проприоцептивті; б) ауырсынулық; в) температуралық;г) вибрациялық:1) а,б,; 2) а,г; 3) б,в,; 4) в,г, 5) г,д.
47.Сезімталдықты жоғалту аталады:1) анестезия; 2) астения; 3) астазия; 4) алексия; 5) атония.
48. Сезімталдықтың бір түрінің жойылуымен қатар басқа түрінің сақталуы аталады:1) сезімталдықтың диссоцияциясы(ажырау); 2) гипестезия; 3) парастезия; 4) дискриминациялық сезімталдық; 5) гиперестезия.
49. Сезімталдықтың «қолғап» және «шұлық» түрінде бұзылуы осылар зақымдалғанда байқалады :1) шеткі жүйкелер; 2) жұлын миының артқы мүйізі; 3) гипоталамус; 4) жұлын миының бүйірлік бағанасы; 5) ауырсыну сезімталдығының қыртыстық проекциясы.
50.Шеткі жүйке бағаны зақымдалғанда жойылады:1) сезімталдықтың барлық түрлері; 2) тактильді және температуралық сезімталдық; 3) терең және тактильді сезімталдық; 4) ауырсыну,температуралық,тактильді сезімталдық; 5) тек ауырсыну сезімталдығы.
51.Жұлын миының артқы мүйізі жасушаларының зақымдалуы осының жоғалуына әкеледі:1) зақымдалу жағындағы ауырсыну мен температуралық сезімталдықтың; 2) зақымдалу жағына қарсы жақтағы, ауырсыну мен температуралық сезімталдықтың; 3) зақымдалу жағында бұлшықетті-буындық және тактильді сезімталдық; 4) ; 5) дененің екі жағында да сезімталдықтың барлық түрлерінің.
52. Жұлын миының артқы бағанасының зақымдалуы осының жоғалуына әкеледі:1) бұлшықетті-буындық сезімнің; 2) температуралық сезімталдықтың; 3) тактильді сезімталдықтың; 4) ауырсыну сезімталдығы; 5) сезімталдықтың барлық түрлерінің.
53.Броун-Секар синдромы дамиды:1) жұлын миы артқы мүйізінің жасушалары зақымдалғанда; 2) жұлын миының артқы бағанасы зақымдалғанда; 3) шеткі жүйкелер зақымдалғанда; 4) сопақша ми зақымдалғанда; 5) жұлын миының жартысые кескенде.
54. Броун-Секар синдромында келесі бұзылыстар болады:1) зақымдалу жағында терең мен тактильді сезімталдықтың,қарсы жақта ауырсыну мен температура сезімталдығының; 2) зақымдалу жағында ауырсыну мен температура сезімталдығының ,қарсы жақта терең мен тактильді сезімталдықтың ;3) зақымдалу жағына қарама-қарсы жақта сезімталдықтың барлық түрлерінің; 4) зақымдалу жағына қарама-қарсы жақта тактильді және ауырсыну сезімталдығы; 5) зақымдалу жақтарына байланыссыз сезімталдықтың барлық түрлерінің.
55.Жұлын миы жарақатында болуы мүмкін:1) қозғалыстық және сезімталдық бұзылыстары; 2) қозғалыстық және вегетативті бұзылыстар; 3) сезімталдық және вегетативті бұзылыстар; 4) қозғалыстық,сезімталдық және вегетативті бұзылыстар; 5) тек сезімталдық бұзылыстары.
56.Қарама-қарсы жақтағы сезімталдықтың барлық түрлерінің бұзылысы осылар зақымданғанда дамиды:1) көру төмпешігі; 2) маңдай бөлігі; 3) жұлын миының артқы бағаны; 4) жұлын миының артқы мүйіздерінің жасушалары; 5) бас миы қыртысы.
57.Сезімталдықтың бұзылысы осылар зақымдалғанда байқалады:1) таламус; 2) қабық; 3) қара субстанция; 4) қызыл ядро; 5) сопақша ми ядролары.
58.Тітіркендіру жерін жергілікті ету қабілетінің жойылуы осы кезде байқалады:1) бас миы қыртысына серпіндер түсуінің бұзылысында; 2) лимбиялық жүйеге серпіндер түсуінің бұзылысында; 3) бас миы қыртысының көру аймағына серпіндер түсуінің бұзылысында; 4) бас миы қыртысының орталықтан кейінгі иірімі зақымдалғанда; 5) қара субстанция зақымдалғанда.
59.Сыртқы тітіркендіргіштерге байланыссыз әдеттен тыс сезімдердің пайда болуының аталуы:1) парестезия; 2) гиперестезия; 3) дискриминациялық сезім; 4) Броун-Секар синдромы; 5) гипералгезия.
60.Ауырсыну-бұл:1) патологиялық үрдіс; 2) патологиялық серпіліс; 3) патологиялық күй; 4) нозологиялық бірлік; 5) экстремальді жағдай.
61.Ауырсыну хабарларын қабылдап және таратушы жүйенің аталуы:1) физиологиялық; 2) патологиялық; 3) ноцицептивті(ауыруды сезіну); 4) антиноцицептивті; 5) алгиялық.
62.Ноцицептивті (ауыруды сезіну) ықпалдар-бұл ықпалдар:1) ауыру сезімін шақырушы; 2) ауырсынуға қарсы қорғаныс ; 3) организмде ішкі опиоидтардың төмендеуін шақырушы; 4) вирусқа қарсы қорғаныс; 5) батерияға қарсы қорғаныс.
63. Ноцицептивтік ықпалдарға жатады:1) финлепсин; 2) антиконвульсанттар; 3) карбамазепиннің препараттары; 4) гистамин; 5) новокаин.
64.Ауырсынудың нейромедиаторлары:1) капсаицин; 2) Р заты; 3) вазопрессин; 4) тегретол; 5) новокаин.
65.Аналгезияны шақырады:1) гистамин; 2) ГАМҚ; 3) брадикинин; 4) Р заты; 5) простогландин.
66. Аналгезияны шақырады:1) гистамин; 2) допамин; 3) Р заты; 4) простогландин; 5) брадикинин.
67.Ішкі анальгетик болып табылады:1) новокаин; 2) брадикинин; 3) гистамин; 4) энкефалин; 5) Р заты.
68.Ішкі анальгетик болып табылады:1) гистамин; 2) простогландин; 3) брадикинин; 4) бета-эндорфин; 5) Р заты.
69.Нейропептидтерге жатады:1) гистамин; 2) серотонин; 3) холецистокинин; 4) норадреналин; 5) простогландин.
70.Опиаттарға жатады:1) морфин; 2) гистамин; 3) серотонин; 4) брадикинин; 5) простогландин.
71.Ішкі опиаттар:1) Р субстанциялар бөлінуін бөгейді; 2) Р субстанциялар бөлінуін белсендіреді; 3) Р субстанциялар бөлінуіне әсер етпейді; 4) Р субстанциялар түзілуіне әсер етеді; 5) Р субстанциялар түзілуін ширатады.
72.Ауырсыну тітіркендіргіштеріне сезімтал емес құрылымдар:1) бас миының артериялары; 2) париетальді плевра; 3) жүрек қабы; 4) өкпе тіні; 5) тәждік артериялар.
73.Ауырсыну тітіркендіргіштеріне сезімтал емес құрылымдар:1) висцеральді плевра; 2) бас миының артериялары; 3) тәждік артериялар; 4) шажырқай; 5) париетальді көк ет.
74. Ауырсыну тітіркендіргіштеріне сезімтал құрылымдар:1) париетальді көк ет; 2) висцеральді плевра; 3) өкпе тіні; 4) бауыр тіні; 5) альвеолалар.
75.Физиологиялық ауырсыну пайда болады:1) зақымдаушы әсерлерге жауап ретінде жүйке жүйесі бүтіндігінде; 2) жүйке жүйесінің зақымдалуында; 3) созылмалы қабынулық үрдістерде; 4) сүйек тінімен өскен тыртықтардың қысылуында; 5) эндокринопатияларда.
76.Қорғаныш қызметін орындайды:1) физиологиялық ауырсыну; 2) патологиялық ауырсыну; 3) фантомды ауыру; 4) каузалгия; 5) алгиялық ауырсыну .
77.Патологиялық ауырсынудың басты биологиялық белгісі,оның:1) адаптивті маңызы; 2) дизадаптивті маңызы; 3) физиологиялық маңызы; 4) қорғаныстық маңызы; 5) позитивті маңызы.
78.Ауырсынудың генераторлық тегершіктері теорияларының авторы:1) Г.Н.Крыжановский; 2) И.П.Павлов; 3) А.А.Ухтомский; 4) Н.М.Ашмарин; 5) С.М.Павленко.
79.Патологиялық ауырсынудың негізгі патогенетикалық тегершігі болып осының қалыптасуы болады:1) жоғарғы сезімталдықтың баяу түрі; 2) жоғарғы сезімталдықтың жедел түрі; 3) қозудың патологиялық күшейген генераторы; 4) доминантаның; 5) парабиоз.
80.Ішкі ағзаларда орналасқан ауырсыну аталады:1) фантомды; 2) біріншілікті; 3) висцеральді; 4) эпикритикалық; 5) физиологиялық.
81.Шаншу сияқты сезіммен жүретін ауырсыну түрі аталады:1) патологиялық; 2) эпикритикалық; 3) соматикалық; 4) висцеральді; 5) протопатикалық.
82.Ұзақ болатын және таралымды,күйдіруші мінездемесі бар ауырсыну түрі:1) эпикритикалық; 2) соматикалық; 3) протопатикалық; 4) физиологиялық; 5) алгиялық.
83.Жүйке иннервациясы(жүйкеленуі) аймағында пайда болатын ауырсынудың аталуы:1) жергілікті; 2) проекциялық; 3) біріншілікті; 4) фантомды; 5) физиологиялық.
84.Ампутацияланған аяқ-қолдарда пайда болады:1) фантомды ауырсынулар; 2) каузалгиялар; 3) физиологиялық ауырсынулар; 4) тұйық ауырсынулар; 5) диффузды(таралымды).
85.Каузалгия дамиды:1) жүйкенің ұзақ тітіркенуі немесе зақымдалуы нәтижесінде; 2) ампутацияланған аяқ-қолдарда; 3) рак метастаздарының сүйекке өтуінде; 4) әртүрлі зиянды заттар әсерінен; 5) эндокринопатияларда.
86.Жансыздандырудың физикалық әдісіне жатады:1) акупунктура; 2) биологиялық кері байланыстар әдісі; 3) десимпатизация; 4) реампутация; 5) гипноз.
87.Жансыздандырудың хирургиялық әдісіне жатады:1) десимпатизация; 2) электронаркоз;3) таламикалық ядроларды бұзу; 4) гипофиздің алкоголизациясы; 5) гипноз.
88.Жалпы әсер ететін жансыздандырушы заттарға жатады:1) наркозға арналған заттар; 2) нейролептиктер; 3) транквилизаторлар; 4) антидепрессанттар; 5) новокаин.
89.Электронаркоз жатады:1) жансыздандырудың психологиялық әдісіне; 2) жансыздандырудың физикалық әдісіне; 3) жансыздандырудың нейрохирургиялық әдісіне; 4) жансыздандырудың фармакологиялық әдісіне; 5) жансыздандырудың гомеопатиялық әдісіне.
90. Жергілікті әсер ететін жансыздандырушы заттарға жатады:1) новокаин; 2) нейролептиктер; 3) антидепрессанттар; 4) наркозға арналған заттар; 5) транквилизаторлар.
91.Наркотикалық емес аналгетиктерге жатады:1) промедол; 2) аналгин; 3) новокаин; 4) наркозға арналған заттар; 5) транквилизаторлар.
92. Наркотикалық аналгетиктерді қолданғанда олардың айтарлықтай жеткіліксіздігі болып табылады:1) физикалық және психиалық тәуелділіктің дамуы; 2) есін жоғалтпай ауырсынуды жою; 3) сезімталдықтың басқа түрлерінің басылуының жоқтығы; 4) физикалық тәуелділіктің болмауы; 5) психикалық тәуелділіктің болмауы.
93. Жансыздандырудың психиологиялық әдісіне жатады:1) гипнотикалық сендіру; 2) акупунктура; 3) электростимуляция; 4) наркозға арналған заттар; 5) транквилизаторлар.
«Эндокринді жүйе» модулі
Тақырыбы: Эндокринді жүйе патофизиологиясы.
Сабақ мақсаты:қалқанша безінің, ұйқы безінің эндокринді бөлімінің, гипофиздің және бүйрек үсті бездерінің гиперфункциясы мен гипофункциясы себептерін, тегершіктерін және көріністерін зерттеу.
Оқыту мақсаты:
1. Эндокрипатиялардың жалпы этиологиясы мен патогенезін зерттеу.
2. Ішкі сөлденіс бездерінің біртектес дерттік түрлері дамуы мен себептерін меңгеру.
3. Глюкокортикоидты емдеудің патогенетикалық негіздемесін білу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Эндокринопатиялардың жалпы этиологиясы мен патогенезі. Ішкі сөлденіс бездер қызметінің кортико-гипоталамусты-гипофизарлы реттеуінің бұзылысы. Шеткері эндокринді бездердің гормондар түзуінің біріншілікті бұзылыстары. Эндокринді бұзылыстардың шеткері (безден тыс) түрлері.
2. Эндокринді бұзылыстардың негізгі түрлері. Гипо-, гипер- және дисфункционалды, моно- және плюрогландулярлы эндокринопатиялар, парциалды, тотальді, ерте және кеш түрлері.
3. Қалқанша безінің патофизиологиясы, гиперфукнциялар мен гипофункциялар себептері, даму тегершіктері, негізгі көріністері.
4. Гипофиздің алдыңғы бөлімі дертінің біртектес түрлері. Аденогипофиз дертінің себептері, даму тегершіктері және негізгі көріністері.
5. Нейрогипофиз дертінің біртектес түрлері. Антидиурездік гормонның сәйкес емес сөлденуі синдромы. Окситоциннің гипо- және гиперфункциясы.
6. Бүйрек үсті бездерінің біртектес түрлері. Гиперфункционалды және гипофункционалды жағдайлар. Гиперальдостеронизм. Гиперкортикозолизм. Адреногениталды синдром. Гиперкатехоламинемия.
10. Бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі, түрлері. Аддисон ауруы. Бүйрек үсті безі кризі. Гипоальдостеронизм.