Глоссарий
Ноцицепциялық жүйе– ауыру сезімін қабылдайтын және тасымалдайтын жүйе.
Антиноцицепциялық жүйе- ноцицептивті жүйе құрылымдарын қызметін бақылайтын жүйе.
Каузалгия( Kausis - күйдіру + algos - ауру )- симпатикалық талшықтарға бай үлкен араласқан нервтер зақымдалғанда пайда болатын ұстамалы күшейетін күйдіретін ауру.
Каталепсия ( katalepsia - ұстап алу )- жасанды берілген оларға дене тұрысына денелер немесе аяқ-қолдардың мелшиіп қатып қалуы.
Миастения ( myos - vsiwf + asthenia - єлсіздік ) нерв - бұлшық ет жүйесінің ауруы, єлсіздікпен жєне бұлшық еттердің єртүрлі топтарының патологиялық шаршағандығымен көрінеді.
Парабиоз( para - қасында , жанында + bios - өмір )- күшті тітіркенудің ықпалынан пайда болатын қозғыштықтың жєне өткізгіштіктің қайтымды фазалы өзгерістері.
Сал( paralyo - босату )- сәйкес бұлшық еттердің иннервация бұзылуы себепті өз бетімен қозғалыстардың толық жоқ болуы.
Парез( paresis - әлсіреу )- иннервациясының бұзылуына байланысты бұлшық еттерді жиыратын қызметінің әлсіреуі.
Орталықты (спазмдық паралич) салдану- басмиы қыртысының проекциялық аумағы зақымданғанда туындайды. Егер Беца жасушалары немесе олардың аксондары зақымданса спазмдық салдану дамиды. Бұл жағдайда Беца жасушалары бұлшық еттерге тым көп жүйкелік импульстарды жібереді, салдарынан бұлшық еттердің тонусы жоғарылап дірілдеу пайда болады. Мүшенің нәрленісі бұзылып гипотрофия немесе атрофия дамиды.
Шеткері (перифериялық) (енжар) салдану - Кез келген бөліктің шеткері нейроны зақымданғанда дамиды: алдыңғы мүйізі, түбі, өрімі, шеткері нерв. Мұндай жағдайда, бұлшық еттердің ерікті және еріксіз, рефлекторлық қызметі, иннервациясы жойылады. Бұлшық еттердің тонусы төмендеп, толық салдануы мүмкін, жүйкеленітін бөліктің гипотрофиясы немесе атрофиясы дамиды.
Парастезия ( par - қасында , жанында + aistesis - сезіну )- жалған сезіну ; спонтанды пайда болатын жағымсыз ұйып қалуды, күйдіруді, құмырсқалардың еңбектеуін сезіну.
Тик– еркінен тыс, үйреншікті, жеке бұлшық еттердің немесе бұлшық ет топтарының клоникалық тартылуы .
Тремор ( tremor - қалтырау )- аяқ-қолдардың, кірпіктердің, қолдардың саусақтарының ырғақты еріксіз қалтырауы.
Фобия ( phobos - үрей )- жабысқақ күй-жағдайы, еріксіз бірдеңенің үрейі .
Анестезия - сезімталдықтың жойылуы .
Гипестезия- сезімталдықтың төмендеуі .
Гиперастезия- сезімталдықтың жоғарылауы
Децеребрациялық сіреспе, Ми бағанасын қиып кескенде дамитын жазылатын -бұлшық еттердің тонусының бірденнен жоғарылауы, бүгілетін- бұлшық еттердің әлсіреуі— децеребрация. Бұл кезде аяқ-қолдардың керіліп сіресіп қатып қалуы, басының қатты шалқаюы байқалады (опистотонус).
Атаксия- қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы.
Асинергия- қозғалыстардың жатықтығын жоғалтуы.
Гиперкинезия- күрделі қимыл қозғалысқа қатысатын қосымша қимылдардың күшеюі.
Спиналдық шок-жұлын миы үзілгеннен кейін қимылдатқыш және вегетативтік рефлекстердің терең , қайтымды басылуы.
Тырыспа- бір немесе бірнеше бұлшық еттердің еріксіз жиырылуы, ауыру сезімімен ұштасады..
Тониялық тырыспа– бұлшық еттердің ұзақ жиырылуынан, олардың сол бетінде (бүгілген немесе керілген күйі) қатып қалуы, науқастың денесі керілген, басы шалқайған немесе иілген күйі.
Клониялық тырыспа– жазылатын және бүгілетін еттердің рет-ретімен жиырылуы, нәтижесінде еріксіз қимыл-қозғалыстар байқалады. Клониялық тырыспалар тониялыққа қарағанда аса қауіпті емес, өйткені онда жүрек, тыныс жүйесінің бұзылыстары байқалмайды.
Эпилепсия - созылмалы психоневрологиялық ауру, қайталанатын ұстамалармен сипатталады.. Ұстамалардың негізінде мидағы жүйке жасушаларының тым қуатты электрлік белсенділігі жатыр.
Паркинсонизм– созылмалы нейродегенерациялық ауру тобы, мидағы кейбір құрылымдардың дофаминдік нейрондарының тез ыдырауы және өлімімен сипатталады. Дофамин мөлшерінің өзгеруі басқа нейротрансмиттерлердің метаболизмінің бұзылысына алып келеді (серотонин, норадреналин, ацетилхолин, глутамат). Дофаминдік белсенділіктің төмендеуінен және глутаматтық және холинергиялық жүйелердің белсенділігінің басым болуынан Паркинсон ауруына тән қозғалыстар пайда болады.
Броун-Секар синдромы -симптомокомплекс, жұлынның жарты бөлігі зақымдалғанда пайда болады. Зақымданған жақта орталықты салдану (немесе парез) дамиды, бұлшық еттік - буындық және вибрациялық сезімталдық жойылады. Қарама-қарсы жақта ауыру сезімі мен температуралық сезімталдық жойылады. Жұлын жарақаттанғанда, онда қанайналым бұзылғанда, инфекциялық миелопатияларда, жұлын өспелерінде, таралған склероз дамығанда пайда болады.