Глоссарий
Патологиялық жүйе - патологиялық үрдіс дамуының эндогенді механизмдері, ОЖЖ зақымдалған және зақымдалмаған жаңа бір, патодинамикалық ұйымдасуы.
Антижүйелер - патологиялық жүйенің қызметін басуға және дамуын шектеуге бағытталған огранизмнің реттеуші механизмдері; патология жағдайында функцияларды антагонистік реттеу принципі болып табылады.
Денервациялық синдром- ағзалар мен тіндердің құрылымдарына әсері болмағанда постсинапстық нейрондарда пайда болатын өзгерістердің кешені
Нейрон деафферентациясы – нейронға түсетін импульстың берілмеуі, жүйке жолдарының үзілуінен афферентацияның болмауына байланысты, постсинапстық нейрондарда тосқауыл болған (рецепторларды қабылдайтын) кездегі преасинапстық аяқшаларда нейромедиаторлардың бөлінуінің бұзылыстары.
Спиналды шок – жұлын миы үзілгеннен кейін қимылдатқыш және вегетативтік рефлекстердің терең , қайтымды тежелуі.
Трофогендер - жасушаларға нәрленіс беретін макромолекулярлы зат ( негізінде ақуыздар ).
Нейродистрофиялық үрдіс – нервтік әсерлердің өзгерістерімен немесе болмауымен байланысты трофиканың бұзылуы.
Патотрофогендер– нерв жүйесінде патология жағдайында түзілетін және рецепиент жасушаларында тұрақты дерттік өзгерістерді шақырушы заттар.
Патологиялық күшейтілген қозу генераторы– шамадан тыс импульстер өндіретін өзара байланысты гиперактивті нейрондардың ошағы.
Патологиялық детерминант -патологиялық жүйені қалыптастырып, оның қызметін анықтайтын; жүйе ішілік қатынастың ұстанымы және тетігі болып табылатынОЖЖ өзгертілген құрылымы.
Доминант - ОЖЖ сол мезеттегі үстемдігі жоғары қызметтік құрылымы, басқа да жүйке орталықтарының қызметін бағыттайтын; жүйе аралық қарым қатынастың ұстанымы және тетігі болып табылады.
Парабиоз( para - қасында , жанында + bios - өмір )- күшті тітіркенудің ықпалынан пайда болатын қозғыштықтың жєне өткізгіштіктің қайтымды фазалы өзгерістері.
Мидағы қанайналымның өтпелі бұзылыстары (транзиторлық ишемиялық шабуыл) – бұл 24 сағаттан аспайтын, ошақтық немесе жалпы милық симптомдармен көрінетін мидағы қанайналымның жіті бұзылыстары.
Инсульт(insilio , sultum - шабуыл жасау )- бас миында немесе жұлында қанайналымның жедел бұзылысы, ОЖЖ зақымдалуының тұрақты симптомдарының дамуы.
Ишемиялық инсульт (ми инфаркты) –бас миынанәрленіс беретінартериялардың тарылуынан немесе бітелуінен дамитын мидағы қанайналым бұзылыстары. Негізгі себептері тамырлардың атеросклерозы, жиі атеросклерозбен қабаттасқан қантты диабет, гипертониялық ауру, жүрек қақпақшаларының ақаулары, эмболиялары, коллагеноздардағы васкулиттер, қан жүйесінің аурулары (эритремиялар, лейкоздар).
Геморрагиялық инсульт – миға қан құйылуымен көрінетін инсульттің бір түрі. Біріншілікті немесе салдарлық артериялық гипертензия салдарынан, туа біткен ангиомаларда, тамырлардың аневризмасы кезінде пайда болады. Геморрагиялық инсульттер атеросклерозбен ұштасқан гипертониялық ауруларда жиі дамиды. Бұндай жағдайда тамыр қабырғаларына қанның сіңуінен оның трофикасы бұзылып біртіндеп деструкциясы дамиды. Нәтижесінде микроаневризмалар түзіліп, тамыр жарылады.
Невроз— жоғары жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстары. Клиникалық белгілері астениялармен, ығыр қылатын жағдайлар, истериялар, сонымен қатар ақыл-естің және физикалық жұмысқа қабілетінің төмендеуімен көрінеді. Барлық жағдайларда дау-дамайлар, ұзақ уақыт эмоциялық және интелектуалдық зорығулар ауру туындататын психикалық факторлары болып саналады.
Тақырыбы: Жүйке жүйесінің қимыл-қозғалыстық және сезімталдық қызметінің бұзылыстары. Тырыспа синдромының және ми қабықтарының зақымдану синдромының патофизиологиясы.
Сабақ мақсаты:жүйке жүйесінің қимыл-қозғалыстық және сезімталдық қызметінің, тырыспа синдромының және ми қабықтарының зақымдану синдромы бұзылыстарының себептері мен даму тетіктерін және көріністерін оқып үйрену.
Оқыту міндеттері:
1. Жүйке жүйесінің қимыл-қозғалыстық және сезімталдық қызметі бұзылыстарының себептері мен даму тетіктерін оқып білу.
2. Тырыспа синдромының этиологиясы мен патогенезін меңгеру.
3. Ми қабықтарының зақымдану синдромының себептері мен даму тетіктерін оқып білу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Қимыл-қозғалыстың нейрогендік бұзылыстарының этиологиясы және патогенезі.
2. Қимыл-қозғалыстың нейрогендік бұзылыстарының негізгі түрлеріне сипаттама: гипо- және гиперкинездік жағдайлар, парездер мен салдану.
3. Тырыспалық жағдайлар, түрлері, себептері мен даму тетіктері
4. Сезімталдықтың нейрогендік бұзылыстарының негізгі түрлері, себептері және даму тетіктері.
5. Ауыру сезімі, түсінігі және жалпы сипаттамасы, түрлері.
6. Шеткеріден және орталықтан туындаған патологиялық ауыру сезімі.
7. Ауыру сезімінің нейрохимиялық тетіктері.
8. Антиноцицепциялық жүйе.
9. Патологиялық ауыру сезімін емдеу негіздері.
10. Ми қабықтарының зақымдану синдромының негізгі себептері мен даму тетіктері.