Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Picornaviridae.

Туыстастығы: Aphtovirus.

Түрі : Аусыл(ящур) вирусы (7 серотиптері бар).

Морфологиясы және құрылымыбойынша аусыл вирустары жалпы пикорнавирустар сияқты болып келеді. Сфера пішінді, өте ұсақ вирустар.

Дақылдандыру.Аусыл вирусы жалпы вирустар сияқты абсолютті паразиттер болғандықтан олар жасуша дақылдарында өсіп – өндіріледі.Ол үшін бұзаудың, ірі қара малдың тілінен, бүйрегінен дайындалған жасуша дақылдарын пайдаланады.

Антигендері.Аусыл вирусының 7 серологиялық типтері белгілі (біздің елде О және А типтері кездеседі), олар бір-бірінен типтік – спецификалық антигендерімен ерекшеленеді.

Резистенттілігі.Аусыл вирусы кейбір азық-түліктерде (сары майда, тоң майда) 2-3 айға дейін сақталады, сондай мерзімде өлген жануарлардың сүйек кемігінде, қан ұйығында да сақталады. Вирус бірнеше апта бойы сыртқы орта нысандарында ауру туғызу қабілеттілігін жоймайды.

Эпидемиологиясы.Аусыл – зоонозды инфекция, дегенмен адамдар да ауырады. Инфекция көзі – ауру малдар, әсіресе ірі қара мал (сиырлар). Қостұяқты ауру малдардан вирус олардың сүтімен, сілекейімен, несебімен сыртқы ортаға бөлініп шығады. Ауру малдардың ауызындағы, ерініндегі жара көпіршіктері өте қауіпті. Адамдарға вирус ауру малдарға күтім жасағанда (жанасу-контакт) және ластанған және де жеткілікті дәрежеде температурада өңделмеген тағамдық өнімдерді (сүт, ет т.б.) пайдаланғанда жұғады. Сүт арқылы жұғу балалар арасында жиірек байқалады. Адамдар арасында аусыл вирусын қабылдаушылық жоғары емес.

Патогенезі және клиникалық көріністері.Аусыл вирусы өте жоғары вирулентті және дерматотроптылығы күшті. Вирус терінің және шырышты қабаттардың эпителиялық жасушаларында репродукцияланады. Содан кейін қанға түсіп вирусемия қоздырады. Аусылдың жасырын кезеңі 2-18 тәулік, содан кейін ауыз қуысының, еріннің, қатты және жұмсақ таңдайдың шырышты қабаттарында күлдіреу, сонан соң ойық – жаралар пайда болады. Кейбір жағдайда миокардтың және паренхиматозды ағзалардың зақымдануы ықтимал.

Иммунитеті.Ауырып тұрғаннан кейін ұзақ мерзімге созылмайтын (1-1,5 жылдай) типтік - спецификалық иммунитет пайда болады.

Микробиологиялық диагноз қою.Зерттелетін заттар- ойық-жара (афт) бөліндісі, сілекей, қан, науқастың қан сарысуы.Вирусты бөліп алу (индикациялау)- а) жасуша дақылдарына жұқтыру (ЦПӘ бойынша анықтайды); б) емізік жастағы тышқандарға (миына) жұқтыру (өлім туғызады); в) теңіз шошқасының табан терісіне жұқтыру (24-48 сағаттан кейін енгізген жерде сулы бөртпелер пайда болады). Идентификациялау (серотиптерін анықтау) – БР, КБР.Серологиялық диагноз қою – БР, КБР, ПГАР, ИФТ (науқастан алынған қос қан сарысуларымен). Жедел диагноз қою – ИФР (гомологиялық сарысулармен).

Емдеуі – симптоматикалық ем шаралар.

Алдын алуы –жалпымедициналық санитарлық – гигиеналық сақтану шаралары. Адамдар арасында вакцина егу қолданылмайды. Жалпы ветеринариялық шаралармен қатар ірі қара малдарға вакцина егу жүргізіледі.