ТАРАУ. Жеке вирусология

17.1. РНҚ-вирустар

Пикорнавирустар

Денсаулық сақтау саласындағы аса күрделі мәселелердің қатарына жедел ішек аурулары (ЖІА-ОКЗ) жатады. Ішек инфекциясымен ауыратындардың саны ДДҰ-ның мәліметтері бойынша миллиондап есептеледі, ал өлім туғызушылығы ЖІА тек қана жедел респираторлық аурулардан (ЖРА-ОРЗ) төмендеу. ЖІА негізінде бактериялар қоздырады (шигеллалар, салмонеллалар, вибриондар т.б.), бірақ ішек инфекциялардың 80%-ның қоздырғыштары анықталмай қалып отырады. Міне, осындай жағдайдың көпшілігінде вирустар себепкер болады. ЖІА-ның вирустық табиғаты өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап жан-жақты зерттеле бастады. Ауру қоздыруда олардың маңызы әртүрлі, жиірек кездесетіні пикорнавирустар.

Пикорнавирустар - РНҚ-ды вирустардың ауқымды тобына жатады. «Пикорнавирус» деген сөздің түсіндірмесі бар: pico- ұсақ, майда, RNA- рибонуклеин қышқылды деген мағына береді. Оларды зерттеуде келесі тарихи жаңалықтар шешуші рөл атқарды:

1909 ж. – сал (полиомиелит) вирусы ашылды;

1948 ж. – Коксаки вирустары;

1951 ж. – ЕСНО вирустары;

1973 ж. – А гепатит вирусы;

1973 ж. – ротавирустар ашылды.