Тері микрофлорасы

Экотоптардағы микробтар саны (КТБ/см2) Микрофлораның түрлік құрамы
Бас терісінде-1,4x106, маңдайда- 2,0x105, білекте- 1,1x104, қолтықта- 2,9x105. S. aureus, S. epidermidis, Peptococcus, S. viridans, S. faecalis, E.coli, Klebsiella, Proteus, Pseudomonas, Corynebacterium, Mycobacterium smegmatis, Cl. welchii; Mycoplasma; Candida; Ұшық вирустары.

Кесте 15.11.

Тыныс алу жолдары шырышты қабатының микрофлорасы

Экотоптар Микрофлораның түрлік құрамы
Көмей, кеңірдек S.viridans, S. epidermidis, Corynebacterium, Neisseria, Branchamella catarrhalis, Moraxella, S. pneumoniaе, H.influenzae, PC-вирустар, аденовирустар.
Бронхтар Микробтар аз (негізінде-S. viridians, N. catarrhalis )
Майда бронх, альвеола Стерильді
Мұрын қуысы S.aureus, S.epidermidis, S.viridans, S.pneumoniaе, Neisseria, Haemophilus, Peptostreptococcus, Corynebacterium.

 

Кесте 15.12.

Әр түрлі авторлардың мәліметтері бойынша дені сау ересектер мен балалар ішегіндегі микробиоценоз өкілдерінің саны

Авторы, жылы О.П.Марко 1976 А.Л.Котова ж.б. 1978 А.В.Воробьев ж.б. 1998 П.Л.Щербаков ж.б. 1998
Тексерілгендердің жасы Ересектер Ересектер 1 жасқа дейінгі балалар 1 жасқа дейінгі балалар
Микроорганизмдер   1 жастан жоғары және ересектер 1 жастан жоғары және ересектер
Бифидобактериялар 109-1010 2,4х109 109-1010 108-109 109-1010 108-109
Лактобактериялар 106-107 8,3х109 106-108 106-108 106-108 106-107
Бактероидтар   2,7х107 108 107-104 108 109-1010
Энтерококтар 106-107 2,8х107 105-106 105-106 105-107 105-108
Эшерихиялар (қалыпты ферменттік белсенділігі бар) 106-107 2,4х108 107-108 106-108 107-108 107-108
Эшерихиялар (ферметтік белсенділігі төмендеген)     Жалпы эшерихиялардың 15 % дейіні 106-107 106-107
Протей 102 2,4x103   103 103
Басқа ШП энтеробактериялар 105-106   2,8x103 102 102 104 105
Ситафилококтар 102-103     104-106 104
Ашытқы тәріздес саңырауқұлақтар 103-104 1,6x102 102 102 104 104
Клостридиялар 103-104 8,9x103 103 103 _______ 103

 

 

Әйелдер қынабының микрофлорасына негізінде микроорганизмдердің 4 түрі жатады (Lactobacillus, Bifidоbacterium, Streptococcus, Staphylococcus). Corynebacterium қынаптың бүйірлі қабаты мен артқы күмбезінің, ал Candida – бүйірлі қабатының қосымша микрофлорасы болып табылады. Жалпы микробтар саны орта есеппен 103-106 КТБ/мл құрайды. Қынап үшін ең маңызды қорғаушы микроорганизмдерге Bifidobacterium және Lactobacillus (Додерлейн таяқшасы) жатады.

Жаңа туылған қыз баланың қынабы стерильді. Кейіннен өте жылдам Lactobacillus пайда бола бастайды. Бірнеше аптадан кейін қынап PH-тың бейтараптануына байланысты аралас микрофлора пайда болады – Lactobacillus, Neisseria, Corynebacterium. Кәмелетке жеткеннен кейін ( қынап қайтадан қышқылданады) лактобактериялар саны көбейеді. Етеккір келуі тоқтағаннан кейін(менопауза) әртүрлі, аралас флора пайда болады: Lactobacillus, Corynebacterium, Candida, E.coli, Peptostreptococcus, Clostridium т.б.

 

15.2.2. Адам организмінің дисбактериоздары, жэне оның даму дәрежелері.

Сонымен, осы әдістеменің басында көрсетілгендей, дисбактериоз-ол негізгі және факультативті (қосалқы)микрофлора құрамының өзгеруімен сипатталатын, симбиотикалық микробтық тепе-теңділік қалпының бұзылуы. Кездейсоқ (транзитты) патогенді және ШПМ организмге енуі инфекция дамуын қоздыруы мүмкін. Сондықтан дисбиоздың зиянды жақтары да болады (15.13 - кесте).

Кесте 15.13.

Дисбиоздық микрофлораның зиянды жақтары

Функциялары Іске асыру механизмі
Инфекциялар қоздыруы ІҚА және басқа аурулар
Сенсибилизациялаушылығы Аллергиялық байқалулар
Плазмидалық гендер түзуі Көптеген антибиотикке төзімді патогенді клондардың қалыптасуы
Мутагендік белсенділігі Қатерлі ісіктер пайда болуы және дамуы

 

Организмнің қорғаныс күшін әлсірететін кез-келген қолайсыз ықпалдар адам денесінің микрофлорасына әсер ететіні байқалған. Мысалы: жарыс кезінде спортсмен организмінде қорғаныс күшін төмендететін аса зор стресстік физикалық және эмоциялық жүктеме артатындықтан ЖМС көрсеткіші терісінде 2,5 есе, көмей шырышында 2,4 есе көбейген. Ол негізінде гемолитикалық микрофлораның, шартты-патогенді энтеробактериялардың (1,6 есе), алтынша стафилококтардың (15-25 есе), кандида саңырауқұлақтардың (4 есе) саны көбеюінің, бөлініп алынған микроорганизмдердің вируленттік қасиетінің жоғарылауының есебінен артқан.

Адам организмінде Candida саңырауқұлақтардың көбейіп кетуі тек қана дисбактериоз емес, кандидалық инфекция бар екенін көрсетеді. ҚазҰМУ-ң микробиология кафедрасында иммундық депрессияға шалдыққандардың терісінің саңырауқұлақтармен зақымданғанын анықтап, олардың дені сау немесе сау емес дәрежесін көрсететін критерийлер жасалды (15.14 - кесте).