Таксономиясы
Тұқымдастығы: Spirochaetaceae
Туыстастығы: Borrelia
Түрі: Borrelia burgdorferi
Морфологиясы мен дақылдандырылуы. Ірі спирохеталар (0,2 x 10 – 30 мкм.), грамша теріс боялады, анилинді бояулармен жақсы боялады, 7-11 периплазмалық талшықтары бар. Баяу айналып қозғалады. Боррелиялар хемоорганотрофтылар, микроаэрофилдер. In vitro Borrelia burgdorferi қоректік ортаға өте талғамды, арнайы альбуминмен, өгіздің немесе қоянның плазмасымен, амин қышқылдармен, витаминдермен, және басқа да заттармен байытылған ортада өсіріледі. Оптималды өсу температурасы 32 – 37 ˚C, 5 апта бойы өседі.
Антигендік және патогенділік қасиеттері.Боррелияларға тән сыртқы мембранасының антигені бар – порин, оны синтездейтін ферменттер, әр түрлі липопротеидтер. Негізгі ақуыздары - беткейлік (OspA, OspB, OspC,OspF және т.б.), жалпы 30 – дан астам ақуыздары анықталған. Олар спецификалық (флаггелин - оған қарсы антидене түзіледі) және бейспецификалық ақуыздар.Ақуыздардың синтезделуі көбінесе плазмидалық гендермен бақыланады. Негізгі патогендік факторы - адгезиндер.
Резистенттілігібасқа боррелияларға ұқсас. – 70 – 90 ˚C температурада тіршілігін сақтайды.
Эпидемиологиясы. Лайм ауруының тобындағы аурулар табиғи -ошақты зооноздарға жатады. Borrelia –ның табиғи резервуары жылы қанды омыртқалылар (кеміргіштер, бұғылар, құстар және т.б.), сонымен бірге иттерге, жылқыларға, ірі қара мүйізді малдарға жұғатыны анықталған. Қоздырғыш Ixodes dammini және т.б. кенелер арқылы таралады. Қоздырғыш кененің сілекейі арқылы, қанды сорған кезде жұғады.
Ауру көбінесе Солтүстүк Америкада, әсіресе АҚШ – та, Солтүстік Африкады, Европада, Евразияда, Азияда тіркелген. Ресейде ауру көбінесе орманды аймақтарды қамтиды.
Патогенезі мен клиникалық көріністері.Иксодтық кенелік боррелиоздың патогензі нашар зерттелген. Клиникалық көріністері ауқымдылығымен сипатталады. Зақымдалатыны тері, тірек –қимыл аппараты, нерв, жүрек – қан тамыр жүйесі, бауыр, көк бауыр, көз және басқа ағзалар. Рецидиві дамуы мүмкін, себебі қоздырғыш организмде ұзақ уақыт сақталады. Жасырын кезеңі 3 – тен 32 күнге дейін. Қоздырғыш кененің сілекейі арқылы теріге енген соң, сол жерде терілік спецификалық антиденелер және Т -жасушалары жиналып, жасушалық иммундық жауап туғызады. Спецификалық IgМ, сарысулық IgМ көбеюіне ықпал жасап, ревматоидтық факторлар пайда болады. ОЖЖ зақымдалғанда IgМ және IgG түзіледі. Бірақ максималды жасушалық иммунитет аурудың соңғы кезеңінде (әсіресе лайм –боррелиозы кезінде ) қалыптасады. Емдеуден соң жазылған кезде антиденелердің мөлшері қалыпты жағдайға дейін төмендейді. Соңғы кезеңде антиген – антидене кешені буындар мен тіндерде орын алады. Зақымданған тіндер жасушалық иммунитеттің нейтрофилдері мен медиаторлары арқылы инфильтрацияланады. Боррелияларды периваскулярлы, тіндерде, кейде жасуша ішінен де табуға болады. Боррелиялар аутоиммунды реакциялардың бастамасы болуы мүмкін, ол қоздырғыш болмағанда да анықталып отыруы мүмкін.
Науқастанушылықтың үш кезеңін ажыратады: І – кезең - жергілікті инфекция, кене шаққан орында 1- 2 аптадан кейін пайда болады, 4 – 5 аптаға созылады. Науқастардың 80% жуығында үнемі көшіп отыратын эритема (диаметрі 1 – 20см , кейде 60 см). 3 – 5 күннен кейін ол айналасы қоршалған папула түрінде өзгереді, ол негізгі симптоммен бірге басталуы да мүмкін, кейде оның басталуына себепші болады. Температурасы жоғарылайды (38 - 39˚С), лимфа түйіндері ұлғаяды, бас ауыруымен, құсу, артралгия, миалгиямен бірге жүретін интоксикация белгілері көрінеді. Бұл кезең 3 -7 күнге созылады. ІІ – кезең - боррелиялардың организмге таралуы. 1 айдан бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін. Қоздырғыш қан ағымына тамырлардың арасындағы эндотелия жасушаларымен немесе тікелей эндотелий арқылы енеді. Бұл кезең неврологиялық және кардиологиялық бұзылыстармен қатар жүреді. Кей жағдайларда сероздық менингит, омыртқаның мойын, көкірек, бел аймағындағы жүйке талшықтарында бұзылыстар пайда болады. Жүректің жұмысы бұзылады. Көзде және бездік тіндерде зақымдану болуы мүмкін.ІІІ– кезең - созылмалы түрі, кене шаққаннан кейін 2 айдан соң (кейде 2жылдан) дамиды. Арнайы ағзалар жүйесіндегі зақымданулар түрінде көрінеді (мысалы, полиартрит, білек және тізе буындарының артриттері), ұзақтығы 8 күннен 3 айға дейін созылады. Артриттер рецидивтік сипат алып, ол сүйектер мен буындардың деструкциясына әкеледі. Кейде артерияларда тромбоз пайда болып, ол өлімге ұшыратады. Терінің зақымдануы атрофиялық акродермит, лимфаденома, түйіншектік атрофиялық склеродермия түрінде көрінеді.Көз зақымданғанда кератит дамиды. Науқастанушылықтың клиникалық көріністеріның кезеңдерге бөлінуі шартты болып табылады. Науқастарда кейбір кезеңдері болмауы мүмкін, ал сирек жағдайда бірден ІІІ - кезең басталуы мүмкін.
Микробиологиялық диагноз қою. Диагнозды зертханалық және эпидемиологиялық мәліметтерге сүйене отырып қояды. Клиникалық көріністері бойынша стрептококты эризипелоидтардан, аллергиялық дерматиттерден, фотодерматиттерден, коллагеноздардан және басқа аурулардан ажыратып алады. Зертханалық диагноз қоюда микроскопиялық, бактериологиялық және серологиялық әдістерді қолданады.
Микроскопиялық зеттеу әдістері. Боррелиялды қаннан, жұлын сұйықтығынан анықтауға мүмкіндік бермейді, себебі биоматериалдарда олардың мөлшері өте аз болады. Қазіргі кезеде сүйек тіндерінен дайындалған препараттарды күмістендіру арқылы анықтау (Warthin әдісі) тиімді болып отыр. Морфологиясы бойынша Borrelia burgdorferi туыстастықтың басқа өкілдерінен еркшелене бермейді.
Бактериологиялық зерттеу. Borrelia burgdorferi -ді күрделі құрылымды сұйық қоректік ортада (Келли және т.б. орталар) дақылдандырады. Қоздырғышты идентификациялау үшін биохимиялық және молекулалық - генетикалық (сыртқы мембрана ақуыздарын есептеу үшін гелдік –электрофорез әдісі, ДНҚ гибридизациялау, ДНҚ рестрикциялалық талдау) әдістері қолданылады.
Жеделдетілген–диагностикалық әдістер: иммунды химиялық, биохимиялық, молекулярлы – биологиялық зерттеу. Иммунды химиялық зерттеу. Зақымданған тері аймағындағы немесе қоздырғыш жұққан кененің гемолимфасындағы биоптаттағы қоздырғыштың антигенін ИФ әдіспен анықтауға болады.
Биохимиялық – молекулалық зерттеу. Инфекция ошағынан алынған зерттеу материалын қоздырғыштың ДНҚ -н ПТР көмегімен анықтайды. Сәйкес молекулалар табылса болжамдау диагноз қоюға болады.
Серологиялық әдіс.Науқастың қанындағы антиденелерді анықтау үшін жанама ИФР және ИФТ әдістерін қолданады.
Емдеу және алдын алу шаралары.Тетрациклин (доклициклин, юнидокс), макролидтер (азитромицин, рокситромицин, кларитромицин), цефалоспорин, пеницилиндер және басқалары қолданылады. Емнің нәтижелігін 2 айдан кейін диагностикалық әдістерді пайдалана отырып анықтайды. Боррелиозбен ауырып жазылған адамдардың барлығын 1 жылдан артық мерзімге диспансерлік бақылауға алады.
Спецификалық профилактикалық шаралары табылмаған. Бейспецификалық шараларға кенелерден қорғану (репелленттер, қоғаушы киімдер, аяқ киім); тұрғындардың арасында жеке басының алдын алу шаралары жөнінде мәлімдемелер тарату; алғашқы белгілері байқалғанда кешікпей дәрігерге көрінулерін ескерту жатады.