Таксономиясы

Тұқымдастығы: Spirochaetaceae

Туыстастығ: Borrelia

Түрі: Borrelia recurrentis

Морфологиясы мен дақылдандырылуы.Borrelia recurrentis – басқа спирохеталардан айырмашылығы, 3 – 10 бұрамасы болады. Жас жасушалары қысқалау, бірақ жуандау келеді. Жасуша көлденеңінен бөлініп көбейеді. Қоректік орталарды талғайды. Дақылдандырылуы тауық эмбриондарында, жануарлардың ақуыздары қосылған, Клигер – Робертсон, Аристовский - Гельцер, Келли орталарында, рН 7,2 – 7,4 жағдайда жақсы өседі. Ферменттік белсенділіктері нашар зерттелген. Глюкозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады.

Антигендік және патогенділік қасиеттері толық зерттелмеген. Микроорганизм эндотоксин бөлуге қабілетті. тудыратын, қызба ұстамаларымен және бұлшық еттер мен бас ауырсынулар, қызбасыз аралықтармен сипатталады. Антропонозды ауру. Жануарлар қайталама сүзекпен ауырмайды. Borrelia recurrentis – ті маймылдарға, ақ тышқандарға, егеуқұйрықтарға т.б. жұқтыру үлкен қиындық туғызады.

Резистенттілігі.40ә жоғары температураға сезімтал. 45 – 50ә температурада 30 минутта өледі, ал 0 әС - тан төмен температурада - бірнеше тәулік, мұздатқанда бірнеше ай сақталады. Дегидротациялаған кезде тез өледі. Дезинфектанттардың көбіне сезімтал, бірнеше минуттан кейін қырылады.

Эпидемиологиясы. Науқастың қанын сорған кезде қоздырғыш бит ішегіне түседі. Бір тәуліктен соң олар гемолимфаға өтеді, 12 күннің ішінде максималды жағдайға дейін көбейіп үлгереді. Қан сорғаннан соң 5 күннен кейін бит жұқпалы болады. Borrelia recurrentis биттердің нәжісімен бөлінеді. Бит шаққан кезде нәжісін теріге тастайды, сол жері қышиды, оны қасыған кезде зақымданған тері арқылы қоздырғыш қанға түседі. Зертханаішілік жұғу жолы анықталған, қоздырғыш науқастың шырышты қабығына түскенде және операция кезінде жұғады. Трансовариальді (биттердің жұмыртқалары) жолмен жұқпайды. Инфекцияның таралуына келесі факторлар әсер етеді; тұрғындардың жиі орналасуы, кедейлігі, антисанитария, әсіресе соғыс және табиғи апаттар кезінде. ХХ ғасырда эпидемиялық қайталама сүзектің пандемиясы Батыс Европада, Орта Азияда, және Африкада 5 млн. жуық адамдарды өлімге ұшыратты. Ауру көбінде қыс айларының басында және көктемде басталады.

Патогенезі мен клиникалық көріністері.Жасырын кезеңі 3 – 14 тәулік.Науқастанушылық дене температурасының 39 - 40˚C дейін көтерілуінен басталады.Басы ауырады, миалгия, құсу, көк бауырдың ісінуі, тері беткейінің сарғаюы (60 -80% жағдайда). Қызба 6 -7 тәулікке созылады.

Лимфомакрофагалық жүйе жасушаларына түскен спирохеталар көбейеді, сосын қан тамырларына еніп, спирохетемия дамиды. Науқастың қанында антиденелер түзіледі – спирохетолизиндер, солардың және комплементтің қатысуымен лизис және қоздырғыш жасушасының бұзылуы болады. Бұл кезде эндотокиндер және басқа да пирогенді заттар қанға түсіп, дене температурасының бірінші 39 - 40әC дейін көтерілуіне, ОЖЖ, ағзалар мен тіндердің зақымдануына, токсикозға, құрылымдық бұзылыстарға әкеледі. Терінің және көздің қасаң қабығының сарғаюы, беттің, конъюнктиваның қызаруы, кейде розеолалы бөртпе дамиды. Зәрде ұстама кезінде ақуыз деңгейінің жоғарылауы – тромбоцитопения, олигоурия байқалады, ЭТЖ жоғарылайды.Антиденелердің әсерінен боррелиялардың қырылуы басталады және басқа антигендің варианттың селекциясы жүреді, олар тез көбейеді. Боррелиялардың жаңа генерациясы қанға 7 күннен соң түседі (апирексия кезеңі – қызбаның болмауы). Бұндай кезеңдер қайталанып отырады да қызба қайта көтеріледі. Ұстамалар 5-6 ретке дейін қайталануы мүмкін, қызба кезеңінің ұзақтығы төмендеп, керісінше апирексия жоғарылайды. Айығу қоздырғыштың барлық антигендік варианттарына макроорганизм антиденелер түзген уақыттан басталады.

Спирохеталар плацента арқылы өтуге қабілетті, нәтижесінде түсік тастауға және жаңа туылған нәрестеде қызбаның қайталануына әкеледі.

Асқынулар балаларда және әлсіреген науқастарда байқалады. Ол кезде көк бауырдың қабынуы болуы мүмкін.

Өлім–жітім бұрынырақ 15%, аcқынған жағдайда 50–60%-ға, жететін,антибиотиктерді қолдану нәтижесінде бұл көрсеткіш төмендеді.

Иммунитеті.Гуморальды, агглютининдер, спирохетолизиндер түзіледі. Ауырып жазылған соң қалыптасатын иммунитет тұарақты емес, қайта аурырған жағдайлар кездескен.

Микробиологиялық диагноз қою.Микроскопиялық әдіс. Науқастың қан сарысуынан, қанынан дайындалған препаратты микроскопта қарғанда спирохеталар табылса, нәтиже оң болады. Препаратты «қалың» және «ілінген» тамшы әдісімен дайындайды. Нәтижесінде «ілінген» тамшыны Бурри әдісі бойынша бояғанда түнек айдынды микроскопта күмістенген иректелген, жақсы қозғалатын жіпшеге ұқсап көрінеді. «Қалың» тамшыны Романовский –Гимзе әдісімен бояйды, ауада кепкен соң фиксацияланбайды, ал жұқа жағынды болса спиртпен фиксацияланады.

Серологиялық сынама. Қан сарысуының бактериоцидтік әсері. Зат әйнегінің бетіне дені сау адамның қан сарысуын және науқастың қан сарысуын тамызады. Бетін жабынды әйнекпен жауып, 45 мин. термостатта инкубациялайды, микроскопта қарайды. Қан сарысуындағы бактериоцидтік антиденелердің әсерінен боррелиялар өліп, қозғалғыштығын тоқтатады. Дені сау адамның қан сарысуында боррелиоздарға қарсы антиденелер жоқ, сондықтан спирохеталар өлмейді, сәйкесінше қозғалғыштығы жоғары.

Иммобилизациялау реакциясы.Науқастың қан сарысуының және теңіз шошқасының цитраттық плазмасына бірдей мөлшерде боррелия суспензиясын қосады, араластырады, термостатта 37әС температурада 15 мин. инкубациялайды. Бір тамшысын жабынды әйнекке тамызып, түнек айдынды микроскопта қарайды. Оң нәтиже болғанда теңіз шошқасының тромбоциттері боррелиялардың үстіне шөгіп, қозғалғыштығын баяулатады (боррелияларға тромбоциттермен «салмақ» салынады).

Басқа серологиялық реакциялар да (жанама иммундыфлюоресценттік реакция, иммунды ферменттік талдау реакциясы. ПТР) қолданылады.

Жануарларға биологиялық сынама қою.Дифференциалды диагноз қою қажет болған жағдайда науқастың қанын теңіз шошқасының көк тамырына немесе тері астына енгізеді. Егер сынамада қоздырғыш бар болса жануар ауырмайды, себебі қоздырғышқа жануар сезімтал емес. Осындай жолмен эпидемиялық қайталама сүзекті басқа кенелі боррелиоздардан, лептоспироздан, бөрпе сүзегінен, круптық пневмониядан, безгектен және т.б. ажыратады.

Емдеу және алдын алу шаралары.Науқасқа левомицетин, тетрациклин, эритромицин, пенициллин, цефалоспорин, доксицклин, азитромицин және басқа антибиотиктер тағайындайды. Жүрек - қан тамырлар жүйесіне қосымша терапиялық ем жүргізіледі және глюкоза, плазма, витаминдер тағайындалады.Көк бауыр ісініп – жарылғанда операция жасалады.

Қайталама сүзектің (биттік) алдын алу шаралары ретінде ең бірінші кезекте тасымалдаушылармен күрес және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру қажет. Науқастарды дер кезінде ауруханаға жатқызу, қарым –қатынаста болғандарды 25 күн бойы бақылау, санитарлық жағдайды жақсарту т.б. шаралар қолданылады

14.8.2.2. Эндемиялық қайталама сүзек

(кенелік қайталама сүзек, аргас кене боррелиозы).

Синонимі: кенелі қайталама сүзек, кенелі реккуренс, кенелі қайталамалы қызба, кенелі спирохетоз, жолаушылар ауруы.

Эндемиялық қайталама сүзек - зоонозды табиғи-ошақты ауру, тропикалық, субтропикалық елдерде кездеседі. Боррелиялардың 20-дан астам түрлері осы аурудың қоздырғышы болып табылған. Соның ішінде жиі ауру тудыратын түрлері – Borrelia duttoni және Borrelia persica.